2022 жылдың 23 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және халықаралық «Қонаев қоры» бірлесіп көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Тарихи тұлғалар - ел есінде» атты мәдени-тарихи іс-шара өткізді

23.12.2022

Көрулер: 512

Ресми ашылуы мен пленарлық мәжілісі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ. Түймебаев пен ҚР ҰҒА Президенті М.Ж. Жұрыновты Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының мерейтойлық Орденімен марапатталуымен басталды. Д.А. Қонаевтың 1954 жылы Қытайға барған сапары туралы «30 дней в народном Китае» атты кітабының 2-басылымының тұсаукесері өтті. Шара барысында ширек ғасырдан аса Қазақстанның басшылығында болған Д.А. Қонаевтың мемлекеттік, саяси және ғылыми қызметі талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық және мәдени салаларын дамытудағы ерен еңбегі талданды. Көзін көрген замандастары мен қызметтес болған орта буын өз естеліктерімен бөлісе отыра, ұлт қайраткерінің ел тарихының дамуына қосқан үлесін жан жақты талқылады.