Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті «Мөнке би» қоғамдық қорының қолдауымен 2022 жылы 8 сәуір күні «Ұлы Дала кемеңгері» Мөңке би Тілеуұлы кітабының тұсаукесу рәсімін оффлайн және онлайн форматта өткізді

08.04.2022

Көрулер: 1589

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті «Мөнке би» қоғамдық қорының қолдауымен 2022 жылы 8 сәуір күні «Ұлы Дала кемеңгері» Мөңке би Тілеуұлы кітабының тұсаукесу рәсімін оффлайн және онлайн форматта өткізді.

Тұсау кесер рәсімінің мақсаты Мөңке би Тілеуұлының (1675-1756 жж.) тарихи рөлін, сондай-ақ ХVIІ-ХVIII ғасырдағы Қазақстанның және Батыс өңірінің басқа да тарихи тұлғаларының қызметі мен тарихымызға қосқан үлесін зерттеу, тақырыпқа қатысты концептуалдық көзқарастарды талқылау болып табылады.

Іс-шара барысында пәнаралық синтез негізінде ХVIІ-ХVIII ғасырдағы жекелеген тұлғалардың қызметі арқылы олардың азаттық тарихына қосқан үлесі қарастырылды. Сонымен қатар Алты Алашқа танымал Мөңке бидің  әрі батыр, би-шешендігі мен халыққа беймәлім емшілік, күйшілік өнері тың ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұжырымдалды.

Дала кеменгері Мөңке бидің би болуымен қатар, ел басқарған рухани көсемдік қызметі қарастырылды.

Тұсау кесер рәсіміне отандық және шетелдік (Түркия Республикасының) жетекші тарихшы, филолог, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.