Іс-шаралар күнтізбесі

"Этнология және антропология", "музей дело және ескерткіштерді қорғау" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері.Ә. Қастеева.

28.02.2023

«Этнология және антропология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім бағдарламасының 1 курс студенттері Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында музейдің залдары мен уақытша көрмелерді тамашалап қайтты.

Жауапты оқытушы  Есенаманова А

Ары қарай оқу >>

Археология, этнология және музеология кафедрасының студенттері ҚР Ұлттық кітапханасында

24.02.2023

ҚР Ұлттық кітапханасында Венгрия елшілігінің ұйымдастыруымен венгер режиссері Тамаш Тоттың «Қасқыр», «Гуру» деректі фильмдеріне археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушылары А.Қ. Бейсегулова, С.Т. Сағындықова, А.С. Есенамановалар 1 курс студенттерімен тамашалап, өздерінің әсерлерімен бөліcті.

Ары қарай оқу >>

Жаңа деректер негізіндегі Орталық Азияның мезолиті мен неолиті тақырыбында Шнайдер Светлана көшбасшылық дәрісі

27.01.2023

27.01.2023 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінде РҒА Археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Шнайдер Светлана Владимировнаның "Жаңа деректер негізіндегі Орталық Азияның мезолиті мен неолиті" тақырыбында Шнайдер Светлана көшбасшылық дәрісітақырыптағы лекциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

"Сыр-Арал этнографиясы" кітабының тұсаукесері

18.01.2023

2023 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында этнограф-ғалым Тәттігүл Картаеваның «Сыр-Арал этнографиясы» (Qazaq баспасы) атты кітабының таныстырылымы өтті. Кітап «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында жарық көрді.
Кітап таныстырылымына ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан Нұрсан Әлімбай, Серік Әжіғали, Ахмет Тоқтабай, Әуезхан Шашаев, Гүлмира Орынбаева, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтынан Ақан Оңғар, Ералы Ақынбек, Жанболат Утубаев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтынан Гүлзия Пралиева, т.б. ғалымдар пікір білдірді. ҚР Жазушылар Одағы өкілдері, белгілі ақын жазушылар, Бақыт Беделхан, Бағдат Мүбәрәк, Ержан Алаштуған; ҚР Мемлекеттік Орталық музей директоры Рашида Харипова, «Қырым аралы» ғылыми-реставрация лабораториясының директоры Қырым Алтынбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Естай Даубаев т.б. белгілі тұлғалар өз ойларын ортаға салды.
«Сыр-Арал этнографиясы» атты зерттеу еңбегінің таныстырылымында киіз үй тігу, киіз үйдің шаңырағын сәндеу мәдениетімен, суды пайдалану әдістері, соның ішінде құдық қазу және оның қабырғасын тас, кірпішпен қалау, сондай-ақ жүзгін, көкбұта, сексеуіл, тораңғымен шегендеу сияқты табиғатты игерумен байланысты қазақ халқының дәстүрлі білімдер жүйесінің аймақтық және жергілікті жерге тән ерекшелігімен таныстыратын көрме өтеді. Аймақты зерттеу барысында белсенді қолданыстағы құдықтар түрлерімен қатар, жойылу қаупі бар және шұғыл қорғауды қажет ететін кейбір қарауыл-құдық түрлері анықталды. Қызылқұм, Арал аймағында тұратын қазақтардың мал қора соғу, түйені таңбалау арқылы тіркеуге алу сияқты шаруашылық жүргізу қызметінің түрлері, сондай-ақ үй кәсіпшілігін жүргізуі және күнделікті өмір мен тұрмыстағы дәстүрлерді көрсететін фотосуреттер қойылды.

Ары қарай оқу >>

Этнологтардың қысқы мектебі

16.01.2023

2023 жылдың 16-20 қаңтар аралығында Тарих факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасының ұйымдастыруымен «Этнологияның өзекті мәселелері: тарих және қазіргі заман» атты этнологтардың қысқы мектебі өтті. Қысқы мектепте тыңдаушыларға қазақстандық және Франция, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Қырғызстанның белгілі этнологтары дәрістер оқыды.

Ары қарай оқу >>

Қ.Алтынбековтың 70 жылдығына орай "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және қайта құру" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

02.12.2022

 

2022 жылдың 2 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасы "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялау зертханасымен бірлесіп, белгілі суретші-реставратордың, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Алтынбековтың 70 жылдығына орай "тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және қайта құру" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
 Конференцияның пленарлық отырысына белгілі қазақстандық мемлекет қайраткерлері, ЖОО басшылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің директорлары, Жазушылар, музей директорлары, сондай-ақ шетелдік ғалымдар қатысты.
 Секция отырысы барысында заманауи қайта құру мен қалпына келтірудің өзекті мәселелері талқыланды, оның ішінде:
* Мәдени мұра объектілерін сақтау және қалпына келтіру теориясы мен практикасы;
* Қалпына келтіру саласының өзекті мәселелері;
* Археология ғылымындағы қалпына келтіру және қайта құру;
* Органикалық материалдарды сақтау және қалпына келтіру мәселелері;
* Музей нысандарын қалпына келтірудің өзекті мәселелері;
* Ғылыми қайта құру теориясы мен практикасы;
* Сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру мәселелері;
* Қалпына келтірудегі пәнаралық тәсілдер;
* Музей экспозициясындағы пәндік ғылыми-тарихи қайта құру.
 Конференция аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында Қырым Алтынбековтің қалпына келтіру зертханасы жұмысының қорытындысы бойынша көрме ашылды, ол желтоқсан айына дейін жалғасады. Сондай-ақ, тарих факультетінде Қ.Алтынбеков атындағы фойенің салтанатты ашылуы өтті.

Ары қарай оқу >>

Хаджеттепе университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сейфи Иылдырымның дәрісі

01.12.2022

Хаджеттепе университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сейфи Иылдырым археология, этнология және антропология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының студенттеріне ғылыми мақалаларды жазы барысының методологиясы деген тақырыпта дәріс-тренинг оқуда.

Ары қарай оқу >>

Тарих факультетінде Тюбинген университетінің доценті Йовита Радудың көшбасшылық дәрісі өтті

15.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінде Тюбинген университетінің доценті Йовита Радудың көшбасшылық дәрісі өтті.
Көшбасшылық дәріс "Орталық Азияның тас ғасыры" тақырыбында өтті.
Дәріске археология, этнология және музеология кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Ары қарай оқу >>