Магистранттар педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде

29.11.2019

Көрулер: 1499

Педагогикалық практика аясында «Археология және этнология» мамандығының 2 курс магистранттары Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұржанов Арнабай Әбішұлымен «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» атты тақырыпта дәріс сабағын ұйымдастырды. Шараға «Археология және этнология» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты. Арнабай Әбішұлы студенттерге Ұлы Жібек жолындағы қалалар мен сауда керуендері, еліміздегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері туралы археологиялық экспедиция нәтижелері бойынша мағлұматтар берді.

 Ұйымдаструшылар: «Археология және этнология» мамандығының 2 курс магистранттары