ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ КАФЕДРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП САҒАТЫ

2020 жылдың 12 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің мерейтойына арналып өткізілген «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фараби педагогикалық тұжырымдамасының замануи интерпретациясы» тақырыбындағы 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында шетелдік докторлар Сабри Муаз Сулейман Хуссейн мен Әбулфутух Сабри Юнус шеберлік сынып сағаттарын өткізді.

 

Картинка не найдена или некорректна

 

 

 

 

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында араб, парсы, хинди және урду тілдері оқытылады. Соның ішінде әлемдегі жиырмадан астам араб елдерінің ресми тілі, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінің бірі ретінде белгілі.

Иордания азаматы, кафедрада қызмет жасап жатқан ұстаз доктор Сабри Муаз Сулейман Хуссейннің «Тіл меңгертуді ынталандырудың тиімділігі» атты шеберлік сынып сағатына кафедраның оқытушылары мен магистранттары қатысты. Кафедра өтініші бойынша Сабри мырза шеберлік сыныбын орыс тілінде өткізді. Ұстаз Сабри қатысушыларға тіл меңгертуді ынталандырудың түрлі алғышарттары мен кедергілері туралы өте қызықты мәліметтер айтты. Оқытушылар белсенді қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

         Студенттерге араб тілін үйретіп жатқан Мысырлық доктор ұстаз Әбулфутух Сабри Юнус кафедраның араб тілі бойынша оқытушыларына «Вербальды тіл және оны қалай түсінуге болады?» атты тақырыпта шеберлік сынып сағатын араб тілінде өткізді. Бұған араб бөлімінің оқытушылары және магистранттары қатысты. Ұстаз Юнус араб тілін үйретудің жолдарын ағылшын тілімен салыстыра отырып, өзінің араб тілін үйретуде жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Шетелдіктерге араб тілін үйретудің оңай жолдары туралы көптеген мәліметтер берді. Арнайы дайындалған слайд көрсетілді. Кафедра оқытушылары тарапынан сұрақтар қойылып, тақырып жан жақты талқыға түсті.

         Екі шетелдік доктордың шеберлік сынып сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Бұл шеберлік сынып сағаты шетелдік оқытушылардың тіл оқыту тәсілдерімен тәжірибе алмасу тұрғысынан кафедра оқытушылары мен магистранттарына тың ақпараттар мен ерекше серпіліс берді.

 

Басылым күні :  23.06.2020