Ирантану орталығы

Ирантану орталығының тарихы 1989-жылдан бастау алады. 1991-жылы факультетте иран-түрік филологиясы кафедрасы ашылып, профессор З.Л.Рүстемов кафедраның негізіні қалады. 1993-1994-жылдары т.ғ.д. Ж.М.Жаппасбаева (Төлебаева) меңгеруші болды. 1994-жылдан бастап 2008 жылға дейін ф.ғ.д., профессор Өтеген Күмісбаев ирантану және үндітану кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары парсы тілі мен әдебиетінің білгір маманы Ғ.Т.Жумадилова кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды.

2012-жылы 12 қазан күні ИИР Мәдени өкілдігі мен Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті арасында Ирантану орталығын ашу туралы келісім-шартқа қол қойылды. Аталмыш келісім-шарттың басты тақырыбы - ҚазҰУ-де ИИР елшілігінің Мәдени өкілдігінің қолдауы арқылы әртүрлі ғылыми, мәдени және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін Ирантану орталығын құру мен жабдықтау болып табылады. Сонымен қатар Ирантану орталығы парсы тілін оқитын студенттерді ИИР тілдік курстарға, оқытушыларды біліктілікті арттыруға жіберу жұмыстарын ұйымдастырады.