«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты қайырымдылық іс-шара

Іс-шараға кафедра ұстаздары мен студенттер бірігіп атсалысты. Студенттер іс-шарада ән-куйін шырқап, өз қойылымдарын, сондай-ақ ұстаз ұжымының балалар үйіне зиярат жасағандығы жайлы слайд-шоу көрсетіп, көрермендердің жүрегін жібітіп жіберді.

Бұл игі шараға арнайы парсы және араб тағамдары әзірленді. Ал дастархан төріне наурыз көже қойылып дәмі меймандардың оң бағасына ие болды.

Ізгі шараның қадірлі қонақтары ретінде факультет ұстаздары және Мысыр Араб мемлекетінің Алматыдағы мәдени орталығының басшысы Доктор Хемдан шақырылды.

Отырысты өзі шығарған шұмақ өлеңдері мен баршаға ақ батасын берген факультет профессоры Өтеген Күмісбаев ағамыз тәмамдады.

Басылым күні :  20.05.2015