Арабтану бөлімінің студенттері олимпиада жүлдегерлері атанды

2024 жылдың 29 сәуір күні 6В02207 «Шығыстану» - БББ бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Сайысқа еліміздегі жоғарғы оқу орындарында «Шығыстану» БББ бойынша оқып жатқан 2-3-4 курс студенттері қатысты. Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең әр оқу орынының өз ішінде өтті. Олимпиадының екінші кезеңі «Шығыстану» БББ бойынша базалық оқу орны болып бекітілген Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттерінің жетекшілері ретінде ф.ғ.к., аға оқытушы Жұмажанова Ф.Т. және ф.ғ.к., доцент м.а. Мамедова Ф.З. олимпиада қатысушыларын Астана қаласына алып барды. Олимпиада нәтижесі бойынша, «Шығыстану» БББ (арабистика) бойынша олимпиадасына қатысып, Тағыбай Айсәуле ІІ орынға, ал Сәуірбай Гүлфайруз ІІІ орынға ие болды.

 

Басылым күні :  29.04.2024