«Policy Perspectives Foundation» қорының профессоры Анвар Алам (Үндістан), Сүлейман Демирел атындағы университеті, заң және әлеуметтік ғылымдар факультетінің доценті, Ph.D докторы Халим Незихоглу (Түркия) және Ph.D доктор Шатлык Амановпен (Түркіменстан) кездесу өтті

2022 жылдың 2 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Policy Perspectives Foundation» қорының профессоры Анвар Алам (Үндістан), Сүлейман Демирел атындағы университеті, заң және әлеуметтік ғылымдар факультетінің доценті, Ph.D докторы Халим Незихоглу (Түркия) және Ph.D доктор Шатлык Амановпен  (Түркіменстан) кездесу өтті. Кездесу барысында «Саясат перспективалары қоры», Сүлейман Демирел университеті және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арасындағы ғылым-білім саласындағы ынтымақтастық мәселелер талқыланды.


 

Аталмыш мәселелердің қозғалуына 2022 жылдың 30-31 мамырында Сүлейман Демирел университетінде «Үнді-Орталық Азия диалогы (Indo-Central Asia Dialogue)» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел себеп болды. Дөңгелек үстелде Үндістан мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған болатын. Жиынға үндітанушы ғалым Ph.D докторы Ғабдуллин Кенжебек қатысып, екі ел арасындағы байланыстар туралы баяндама жасады.

Басылым күні :  06.06.2022