«Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар» тақырыбында кездесу өтті

2020 жылдың 15 желтоқсанында Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фағани мырза Шығыстану факультетінің ирантану бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай онлайн-кездесу өткізді.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ұйымдастырылды. Дәрістің ашылуында Ирантану бөлімінің меңгерушісі Б.Ш.Батырхан қазақ-иран қатынастары туралы айтып, Иран Ислам Республикасының Алматыдағы бас консулы Мохсен Фагани мырзаға сөз берді. «Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар» тақырыбындағы онлайн-дәрісте екі ел арасындағы дипломатиялық байланыыс тақырыбы қарастырылды.
М.Фагани мырза екі халықтың тарихы мен ежелгі байланыстарына тоқтала отырып, Иран-Қазақстан қатынастарының құндылықтары туралы айтты.
Ол сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап екі ел арасындағы ортақ тарихи, мәдени және рухани байланыстар біздің барлық салалардағы қатынастарымыздың қарқынды дамуына негіз болғандығын баса айтты. Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы болашақта Иран мен Қазақстанның бір-бірімен және аймақтағы басқа елдермен қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы әртүрлі салаларда өсе түсетініне сенім білдірді.

Басылым күні :  26.05.2021