Кураторлық сағат

21.11.2017 жылы «100 кітап» бағдарламасы аясында топ эдвайзері А.Б.Тулепбергенованың жетекшілігімен халықаралық қатынастар мамандығының 2 курс білімгерлерімен өздері оқып шыққан кітаптарын талқылау туралы кураторлық сағат өткізілді.

Кез келген әдебиет – көне болсын, не болмаса қазіргі заманғы болсын біз өмір сүріп жатқан заманның бір көрінісі болып табылады. Жазушылар өз шығармаларында тарихи оқиғаларға, қазіргі заманның сұранысы мен талабына, жастардың тәрбиесіне мән береді.

Кураторлық сағат барысында білімгерлер өз пікірлерімен, шетел тілінде және ана тілінде оқылған кітаптардан алған әсерлерімен бөлісіп, қысқаша сипаттама жасады. 

Басылым күні :  15.12.2017