Ғылыми-зерттеу жұмысы

 

 

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

 

Наука и жизнь Казахстан №7 2020 г.pdf

 Жалпы мәліметтер 

Факультеттің ғылыми зерттеу жұмысы, ғылыми зерттеу институттары, ғылыми орталықтары тақырыбы бойынша (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Стратегиялық жоспарын дамытуды жүзеге асыру аясындағы)негізгі ғылыми нәтижелер.

Ғылыми-зерттеу қызметі адамзат қызметінің ең мәртебелі, әлеуметтiкжәне экономикалық маңызды салаларының қатарына жатады. Бұл қызмет түрі ғылымның қарқынды дамуын қамтамасыз етедi, мәдениеттi айтарлықтай молайтады, әлеуметтiк өрлеудi айқындайтын қоғамның зияткерлiк әлеуетін нығайтады. Бұл тұрғыда дипломатиялық аударма кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы жалпы алғандағы бiлiм беру үдерісінің ажырамас бөлiгi, зияткерлiк әлеуеттің күшейуiнің ең маңызды факторы, оқу-әдiстемелiк жүйені тұрақты жаңартып отыруға негіз болып табылады.

Дипломатиялық аударма кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты бағыты «Кредитті оқыту жүйесі жағдайында шет тілдерін оқытуды оптимизациялау» болып табылады.

Жоғары нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмысына қол жеткізу үшін оның құрылымын үнемі дамытып, жетілдіріп отыруғамүмкіндік туғызу қажет. Білім сапасы ең алдымен оқытушылар құрамының жоғары кәсіби біліктілігімен қамтамасыз етіледі.

Жеке алғанда ,ағымдағы мерзiм iшiнде келесi оқытушылар кандидаттық диссертацияларын қорғады:

1. Кафедраның аға оқытушысы Р.Е. Сарбаева. Зерттеу тақырыбы: «Халықаралық ұйымдардағы (БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі) гендерлік саясат». Ғылыми жетекшісі проф. Ж.У. Ибрашев.

2. Кафедраның аға оқытушысы К.К. Смагулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде «Шыңжаңдағы этникалық топтардың діни наным-сенімдері» тақырыбында диссертациясын қорғап, 09.00.13 – дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы бойынша философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Кафедра оқытушылары филология, педагогика, психология, кәсіби білім беру теориясы және әдістемесі, шет тілдерін оқыту әдістемесі салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ғылыми жобаларды жүзеге асыру формалары келесідей: диссертациялар қорғау, ғылыми мақалалар және монографиялар жариялау, түрлі деңгейдегі, бағыттағы және тақырыптардағы ғылыми конференцияларға қатысу. Осындай жұмыстың нәтижесінде кафедрада бай ғылыми және әдістемелік база құрылған, әдістемелік құралдар және ұсыныстар шығарылады.Сонымен қоса, кафедра тұрақты түрде кафедраның өзіндік жұмыс ерекшелігіне байланысты мәселелердің шешімін іздеуге бағытталған әдістемелік семинарлар өткізіп тұрады. Семинарларда оқытушылар әдістемелік баяндамалар жасайды. Бұл баяндамалардың мақсаты әріптестерін тілдік емес жоғары оқу орнында шет тілін оқыту саласында жаңа әдістемелер туралы хабардар ету.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы өзіндік бағытқа ие кең көлемдегі қызмет түрлерін қамтиды. Кафедра оқытушылары студенттік ғылыми конференцияларды ұйымдастыру және өткізуге белсенді қатысады, бұл конференциялардың қорытындысы бойынша ең үздік баяндамалар іріктеліп алынып, жүлделі орындар тағайындалады. Мысалы: шет тілдерінен бакалаврлардың 1-ші студенттік ғылыми конференциясы ұйымдастырылды.

ҒЗЖ-ның барлық түрлері бойынша ғылыми зерттеу нәтижелері қазіргі таңдағы оқу, ғылыми және методикалық әдебиеттерді әзірлеуде және жасау барысында кеңінен қолданылады.

Дипломатиялық аударма кафедрасы «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасын өткізуге жауапты. Тілдер бойынша бағдарлама координаторы проф. Байтукаева А.Ш. факультет мүшелерінен құрылатын комиссияның тiзiмiн жасауға және тесттердiң сапасына жауап бередi.

Есептік кезеңде ҒЗЖ нәтижесі бойынша кафедра оқытушыларының келесі жұмыстары жарияланды:

1. Әбідін З.А. "Араб тілі – әдістемелік нұсқау". Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Алматы, «Мектеп», баспасы. қыркүйек 2010 ж. Көлемі - 8 б.т.

 

2. Әбідін З.А. "Араб тілі – жұмыс дәптері". Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқу құралы. Алматы, «Мектеп», баспасы. қыркүйек 2010 ж.

 

3. Бөрібаева С.Б. 1. «Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу» Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 250 бет, 20 б.т. ( Қазақ университеті баспасына өткізілді).

 

 

Біліктілікті жетілдіру: семинарларға, тренингтерге қатысу және ұйымдастыру.

 

1. Байтукаева А.Ш., Сарбаева Р.Е., Бимагамбетова Ж.Т. – Ғылым туралы жаңа заң жобасын талқылау бойынша ғылыми семинарға қатысу. // Әл-Фараби ат. ҚазҰУ ҒЗЖ.

 

2. Байтукаева А.Ш., Бимагамбетова Ж.Т. – Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған семинарлар. EF. Education First Халықаралық білім компаниясы, сертификаттар алынды.

 

3. Манабаева Ж.Д. – Франция елшілігі және француз тілі оқытушыларының Республикалық Ассоциациясы ұйымдастырған, француз тілін оқыту мәселелері бойынша семинарға қатысты.

 

4. NATEK: Жыл сайынғы конференциялар, ұдайы өтетін тренингтер, кафедра оқытушылары үшін дәрістер.

 

5. ТЕА: ТЕА президенті – Ағылшын тілі оқытушыларының Ассоциациясы.

 

6. Гете-институт, DAAD, ZFA семинарлары.

 

7. «19 years of Independence of the RK: achievements and perspectives » тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстел түріндегі практикалық сабақтар.

 

8. «Көп тілді студент тұлғасын қалыптастыру – халықаралық білім кеңістігіне ашылған есік» тақырыбына семинар

 

9. Профессор Байтукаева А.Ш., Сулейменова Г.С., Макишева М.К., Нургалиева М.Н, Токмухамедова З.М., Арзыкулова Г.Ш., Муртаза А.Ш, Бимагамбетова Ж.Т., Рахимбаева Р.М., Дуйсеева Л.А., Жамбылкызы М., Хурмет А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қолданбалы лингвистика және мәдениаралық коммуникация орталығында «Тіл, мәдениет және ұлттық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

 

Министрлік және ведомстволардың ғылыми ұйымдарымен байланыс.

1. Профессор Байтукаева А.Ш. «Әл-Фараби олимпиадасы» Республикалық олимпиада координаторы, СА АВС Іскерлік Қатынас бойынша Орталық Азия Ассоциациясының мүшесі, Мәскеу қ. (Ресей) Халықаралық Ғылым Академиясының корр. мүшесі, Қазақстан Республикасы ғылым және білім саласының аттестация және бақылау жөніндегі Комитетінің аттестация комиссиясының мүшесі (№699 ҚР Жоғары Білім Министрлігінің бұйрығы), Абылайхан атындағы ҚХҚжӘТУ базасындағы «Шет тілдері» пәні бойынша ОӘК аймақтық кеңес мүшесі, университеттің шет тілдері кафедраларының мемлекеттік аттестацияға дайындығын тексеретін комиссиясының мүшесі, университеттің магистратура және докторантура бөлімдері бойынша аппеляциялық комиссия мүшесі, жыл сайын Республикалық Координациялық Орталықтың «Шет елде білім алу» іс-шараларына қатысып отырады, ҚР ЖОО шет тілдері оқытушыларының оқу құралдары және мақалаларына, жоғары мектеп педагогикасы бойынша диссертациялық жұмыстарға пікір жазады, ҚазҰУ жанындағы БЖК тыңдаушылары жоғары оқу орнының оқытушыларына ғылыми жетекшілік жасайды (Атырау қ., Шымкент қ.,Қарағанды қ., Алматы қ. и т.б.).

 

2. Кәріпбаева Г.А. «Әл-Фараби олимпиадасы» Республикалық олимпиада координаторы.

 

3. Манабаева Ж.Д. француз тілі оқытушылары мен мұғалімдері Ассоциациясының басқарма мүшесі.

 

4. Сарбаева Р.Е. Университет жанындағы гендерлік білім беру орталығының мүшесі, жыл сайын Орталық өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады, оқытушылардың гендерлік пәндер бойынша мақалаларын және оқу құралдарын рецензиялайды.

 

5. Бимагамбетова Ж.Т. Қолданбалы лингвистика орталығының директоры, проф. Свинея Адольфстің «Ғылыми жобалар менеджменті» тақырыбындағы іс-шарасына қатысты. Ноттингем қ., Ұлыбритания.

 

6. Рахимбаева Р.М. – ҚР БжҒМ өкілі, ТКТ өткізуге қатысады.

 

 

Шет елдердің ҒО, ҒЗИ, ЖОО – мен ғылыми ынтымақтастық

 

1. Куба елшілігі. Студенттерді тәжірибеден өтуге жіберу.

 

2. Абылайхан атындағы ҚХҚжӘТУ Әдістемелік орталығы. Аймақтық Кеңес мүшесі.

 

3. Кафедра "EF Education First" халықаралық білім компаниясымен және Мәдениаралық коммуникация және қолданбалы Лингвистика Орталығымен ынтымақтастық жасайды.

 

4. Кафедра ZFA, DAAD – оқытушылар және студенттер алмасу Академиялық қызметімен, Гете-институтымен ынтымақтастық жасайды.

 

5. ТЕА: ағылшын тілі оқытушыларына арналған семинарларға қатысу.

 

6. Франция елшілігі, Француз Альянсы, Француз тілі оқытушылары және мұғалімдерінің Ассоциациясы. Әдістемелік семинарларға, «Француз тілі апталығы», «Франкофония күндері»конкурстарына қатысу.

 

Ғылыми зерттеулердің оқу үдерісімен байланысы (ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу), (ҒЗЖ атауы және нақты арнайы курс); оқу үдерісіне арналған құрал-жабдықтарды алу; студенттер мен аспиранттардың нақты ҒЗЖ-на қатысуы және қатысу нәтижелері, (соның ішінде курстық, дипломдық жұмыстар, диссертациялар); оқу зертханалары және оқу және өндірістік практикалар және т.б.

 

Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулерінің оқу үдерісімен байланысы екі бағытта жүзеге асады:

- «Халықаралық ұйымдар», «Әлемдегі қауіпсіздік», «Адам құқығы», сонымен қоса тарих, мәдениет, Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ елдері бойынша заманауи көкейкесті мәселелерге сабақ тақырыптарын әзірлеп, дайындау ( 3-4 курс мамандықтары).

- курстың базалық оқулықтарына қосымша сабаққа жаңа тақырыптар әзірлеу (1-2 курстар).

- оқу үдерісіне 2 жаңа оқу құралы енгізілген.