Клубтар

"Тура би" клубы

"Шығыс әлемі" клубы


ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдер кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Байтукаеваның лингвоелтану үйірмесін ашу бастамасы тілдерді дамыту бөлімінің қолдауына ие болды.

Қазір халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдер кафедрасының үйірме жұмысы ағылшын, неміс, испан және француз тілдері клубтарының аясында өтуде. Бұл үйірменің мақсаты - студенттердің тілдік білімін жетілдіру. Кафедраның барлық оқытушылары үйірме жұмысына белсенді түрде қатысады.

Кафедраның клуб жұмысын қамтамасыз етуде алдына қойған негізгі мақсаттары: студенттердің тілдік білімдерін жетілдіру; мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы тәжірибесі мен олардың Қазақстан Республикасымен жасайтын өзара қарым-қатынасымен танысу және тарату; Халықаралық қатынастар факультеті студенттеріне халықаралық білім


Дипломатиялық аударма кафедрасының «Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық студенттік клубы

«Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық студенттік клубы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті қазіргі шығыс тілдері кафедрасында 2000 жылдың 5 наурызында құрылды. Клуб қазақ және шығыс тілдерін оқып-үйреніп жатқан студенттерді шығыс әлемімен тереңірек таныстырып, әр елдің тарихына, мәдениетіне, ұлттық салт-дәстүрлеріне ден қоя отырып, саяси-қоғамдық, экономикалық дамуынан хабардар етуді мақсат етеді. Клуб Қытайдың этникалық саясатына, Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы оқу-ағарту саласындағы ынтымақтастыққа, Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланыстарға, Араб қоғамындағы демократизация үдерістеріне, аударма теориясына байланысты дөңгелек үстелдер өткізіп, аталмыш іс-шаралар барысында студенттер ғылыми баяндамалар жасады. Кафедра оқытушылары мен студенттер «Шығыс әлемі» клубы ұйымдастырған дөңгелек үстелдер мен пікірталастарға зор қызығушылықпен қатысып, олардың жоғары деңгейде өткізілуіне белсенді түрде атсалысуда.

Қазіргі таңда «Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубы «Түркі әлемі» мәдени қорымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Клуб жұмысы өз мүшелерімен ақылдасып, алдын-ала жасалынған жоспар негізінде белгілі бір тақырып бойынша студенттердің, кафедра оқытушыларының хабарламалары түрінде, сондай ақ елшіліктер мен еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарының Шығыс елдері жөніндегі сарапшыларын шақыру түрінде жүргізіледі. Білімгерлер үшін шығысқа ашылған терезедей болан бұл ұйымның шаңырағына соңғы он жылда Түркияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Хасан Каплан, Палестина Автономиясының еліміздегі елшісі М.Таршахани және оның мәдениет және ақпарат істері жөніндегі кеңесшісі доктор Хаяти Тюфекчиоғлу, Египет елшілігінің кеңесшісі, Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің мәдениет, оқу-тәрбие бөлімінің бастығы Чжан Хун Вей, Жапон елшілігінің өкілі Какумару, хатшы Масахиро Катамото сынды халықаралық деңгейде лауазымы бар азаматтар қонаққа келді. Ал туған елімізде қызмет етіп жатқан отандастармыздың ішінен қоғам қайраткері, ақын, сазгер, елші, Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері, түркі поэзиясы Халықаралық фестивалінінің лауреаты және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері Исраил Сапарбаймен, абайтанушы-ғалым Ә.Әбдіманұлымен, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры К.Л.Сыроежкинмен, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының ұжымымен, т.ғ.д., профессор Н.Мұқаммедханұлымен, танымал шығыстанушы Ө.Күмісбаев және белгілі дінтанушы, ф.ғ.д., профессор Берікбай Сағындықұлымен танымдық тұрғыдан берері мол кездесулер өтті. Ол кездесулердің әрқайсысында болашақ дипломаттар үшін шығыстың тарихы мен болашағына қатысты, еліміздің ұстанған саясаты мен келешек бағдарына байланысты құнды ақпараттар пен қызықты пікірлердің айтылғаны заңдылық еді.

Шығыс әлемі клубы 2014.doc