Кафедраның тарихы

 

Дипломатиялық аударма кафедрасы

Кафедра тарихы

   Әл-Фараби атындағы халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдер кафедрасы 1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен құрылған. 2011 жылы бұрынырақ болған екі кафедраны – шет тілдер кафедрасы мен қазіргі шығыс тілдері кафедрасын біріктіру негізінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ХҚФ-нің дипломатиялық аударма кафедрасы ашылған болатын. 

2017- жылдан бастап дипломатиялық аударма кафедрасының екінші тынысы ашылды деуге болады, яғни ол жаңа бағытта дами бастады. Оған себеп университет ректоры тапсырмасымен аталған кафедрада «ілеспе-аудармашы» мамандарын даярлау міндеттелді және магистратура бағыты бойынша «Аударма ісі» мамандығы ашылды. Кафедра оқытушылары тез арада жаңа бағдарламалар жасауға атсалысты. Шетелдік жоғары оқу орындарының бағдарламаларын зерттеп, әлемдік стандартқа сай мамандар даярлау мақсатында аударма саласы бойынша үздік деп танылатын Женева (Швейцария) «Ауызша және жазбаша аударма» факультеті, Бирмингем, Ұлыбритания университетінің «Заманауи тілдер және аударма ісі» департаменті, Пуатье университеінің «Тілдер және аударма зерттеулері» факультеті, Санкт-Петербург Жоғары аударма мектебімен   байланыс орнатылып, білім беру бағдарламаларына талдау жүргізілді. Нәтижесінде, Пуатье университетімен (Франция) өзара бірлескен бағдарлама жасалды және студенттер бір семестр көлемінде аталған университетте Эразмус бағдарламасы бойынша білім алып қайтты. Пуатье университетінің 1-курс магистранты Рафаэль Файзон осы бағдарлама бойынша бір семестр білім алды. 

Дипломатиялық аударма кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінің студенттерін мамандандырылуына сай «халықаралық қатынастар», «халықаралық құқық», «аймақтану», «әлемдік экономика» бағыттары бойынша тіл дайындығын және екі шет тілін оқытуды жүзеге асырады. Кафедра мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, негізгі және екінші шет тілі ретінде ағылшын, араб, испан, итальян, қытай, неміс, түрік және француз тілдерін кәсіби-мамандандырылған меңгеруді қамтамасыз етеді.

2021 жылдан бастап бакалавр бағыты бойынша "Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма" мамандығы ашылып, студенттерді қабылдай бастады.