Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

Швейцария елшісінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келуі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне Дипломатиялық аударма кафедрасының арнайы шақырумен Қазақстандағы және Тәжікстандағы Швейцария Конфедерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид және Швейцария елшілігінің мәдени байланыстар жөніндегі үйлестірушісі П.Иванов келді.

Кездесуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры А.Қ. Хикметов, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы А.Е.Жолдыбекова, кафдера меңгерушіліері, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор С.Ж. Айдарбаев алғы сөз сөйлеп, факультет туралы ақпарат берді. Өз кезегінде Қазақстандағы және Тәжікстандағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдени, экономикалық, халықаралық, ғылыми байланыстар жөнінде мәлімет беріп, білім саласындағы профессорлар тарапынан жасалып жатқан бастамаларға ризашылығын білдіріп, қай салада болмасын қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Кездесу барысында Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова сөз сөйлеп, кітап туралы ақпарат беріп, «Дипломатиялық сөздіктің» тұсаукесері жасалды. Іс-шараның соңында мәртебелі қонақтардың қатысуымен «Ілеспе аудармашылар» даярлайтын жаңа лингафон кабинетінің ашылу рәсімі болды. Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова лингафон кабинетімен, болашақ қызметімен таныстырып, алдағы жоспарлары жөнінде айтып, Женева университетінің «Аудармашылар мектебімен» алғашқы байланыс жасалғанын және аталған университетпен бірлескен ғылыми жоба жасап жатқаны туралы мәлімдеді.

Кездесу жоғары деңгейде өтті, мәртебелі қонақтар профессор құрамының жұмысына сәттілік тіледі.

ҮЗДІК АУДАРМАШЫ ҚазҰУ да.

Әріптесімізбен мақтанамыз!

Аударма – мәдениеттер арасында көпір салатын негізгі құрал. Кез келген тілші аудармашы бола алмайды. Аудармашы мамандығы тіл мен мәдениетті жетік білумен қатар, жылдамдықты, шешендікті талап етеді. Осындай қасиеттерді бойына жиған, қарапайымдылығымен, білімімен тіл білімі саласындағы мамандарға үлгі болып жүрген әріптесіміз ф.ғ.к., доцент Айтқали Тайжанұлы Бақытов. Ол студенттік кезінен-ақ өзінің ерекше қабілетімен көзге түсіп, Францияда, Швейцарияда білім алып, француз тілін ана тілінің деңгейінде білетіндігін растайтын сертифткаттарға ие болған. Францияның Қазақстандағы елшілігінде, Қазақ-француз “Катко” уран өндіретін компанияның аудармашысы болып жұмыс атқарған. Сонымен қатар, бірнеше сөздіктердің авторы. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қазақ ақын-жазушыларының шығармасын француз тіліне аударды. Ол шығармалар “Қазақ ақын-жазушыларының онтологиясына еніп, Канада, Франция, Бельгия, Буркина-Фасо, Швейцария, Мали елдерінде таралуда. Айтқали Тайжанұлының аудармаларын Францияның белгілі әдеби сыншысы Альберт-Фишлер жоғары бағалаған.

Осындай білімді де білікті маманның, біздің кафедрамызда болуы үлкен мақтаныш.

Әріптесімізге шығармашылық табыс, қызықты аударматілейміз.

Наурыз береке-бірліктің мерекесі

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да наурыз мерекесі атап өтілді. Дәстүр бойынша ректордың құттықтау сөзінен кейін, "Наурыз көші"жүріп өтті. Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының ұйымдастыруымен" Дипломаттар ауылында" дастархан жайылып, шетелдік және отандық қонақтарға дәстүрлі наурыз көже беріліп, қазақтың ұлттық бұйымдарынан көрме көрсетілді. Қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, әр түрлі шаралар өткізілді. Оқытушылар да, студенттер де жақсы көңіл-күймен қайтты.


Ғашықтар күні

2019 жылдың 15-ші сәуір күні Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық қатынастар және Шетел филологиясы мамандығының 1-курс студенттері Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары Карипбаева Г.А, Макишева М.К, Даирбекова А.М, Уалиханұлы А. бастамасымен «Ғашықтар күні» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Аталған мереке факультетте 10 жылдан астам уақыт бойы тойыланып, дәстүрге айналған мерекелердің бірі. Биыл студенттер Ғашықтар күнін ерекше тәсіілмен ұйымдастырды. М.Мақатаевтың “Махаббат диалогы” атты өлеңінен бастап, сахнаға шыққан студенттердің флэшмобымен аяқталды. “Сакураның гүлденуі” атты Жапон-Кәріс текті махаббат қойылымы бағдарламаның ерекшелігі болды. Сонымен қатар, көрермендермен түрлі уақыттағы махаббат туралы әндер мен фильмдердің саундтректерін білуге арналған ойындар өткізілді.

Студенттер мен жас ғалымдардың арасындағы «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция

10 сәуір күні Халықаралық Қатынастар Факультетінде жыл сайын өтетін студенттер мен жас ғалымдардың арасындағы «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Уалиханұлы Абылайханның жетекшілігімен бастаған Әлемдік экономика-81 мамандығының студенттері Юсупов Өткірбек және Ізтілеу Ақмарал «БҰҰ тілдері» және «Аударма мен Мәдениетаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелері» секцияларына қатысып 2 және 3 орын иегерлері атанды.

«Әл-Фараби» республикалық олимпиадасының III кезеңі

2019 жылдың 3-9 сәуірінде Әл-Фараби кітапханасында «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасының III кезеңі аяқталды. Олимпиаданың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Неміс және француз тілдерінде тест тапсырмаларын әзірлеушілер және қазылар алқасының мүшелері Халықаралық Қатынастар Факультетінің Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары Л.М.Котиева, Р.А.Маткеримова Г.О.Мухаметкалиева болды.

5-6 сәуір 2019ж. «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 5-6 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да   «VI Халықаралық Фараби оқулары» аясында «Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Италия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, шетелдік Франция, Швейцария, Италия Канада, Ұлыбритания, Ресей, Оңтүстік Корея, Польша және қазақстандық Сүлеймен Демирел университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары, сондай-ақ, Қазақ ұлттық университетінің профессорлары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, француз және орыс тілі болды. Кез келген тілдегі баяндама қажетті шет тіліне, орыс, қазақ тіліне аударма жасалды.

Конференцияның ашылу салтанатында ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтановтың атынан проректор Рамазанов Т.С. кіріспе сөз сөйледі. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысы Р.И.Бөлтіріков, Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуаль Д'Авино, Француз Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Университеттік ынтымақтастық   жөніндегі атташесі Жиль Маметц сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың жұмысы барысында Женева (Швейцария) Университетінің профессоры   Абдельжалил Аккаридің, «Мәдени алуантүрлілік және халықаралық білім беру», Санкт-Петербург Университеті Жоғары аударма мектебінің директоры, профессор (Ресей), И.Алексееваның «Халықаралық ілеспе аудармашыларды даярлау жүйесі», ҚазҰПУ профессоры Т.Т.Аяпованың «Қазақстандағы көп тілді білім беру мәселесі», Бирмингем университетінің профессоры (Англия) Маркус Перлманның баяндамалары тыңдалды. Әр спикер семинарлар мен мастер-класстар өткізді. Баяндамалар конференцияға қатысушылар үшін өте қызықты болды. Өз тараптарынан баяндамашыларға сұрақтар қойып, пікірлерін айтты.

Ұсынылған баяндамаларда шет тілін үйретудегі ана тілінің, жас ерекшелігінің рөлі, көпмәдениетті қоғамда көптілді білім беру жүйесі, аудармашыларды даярлауда кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары, қажетті мәдениетаралық қарым-қатынас құзіреттіліктері және шетел тілі мен аударманы үйретуде қолданылатын инновациялық технологиялардың тәжірибелік маңызы көрініс тапты.

Конференция өз мақсатына жетті деп айтуға болады. басқа конференциялардан айырмашылығы көптілде теңдей қатынас жасалып, аударма жасалып, қатысушылардың көңілінен шықты.

QS World Universities Rankings бойынша 85- орындағы Бирмингем университетінің профессоры Маркус Перлман, 105-орындағы Женева университетінің профессоры А.Аккаридің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен бұдан әрі қарым-қатынасты жақсартуға деген ниеті біздің университетіміз үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ шетелдік елшілер мен ҚР Сыртқы істер Министрлігі өкілдерінің қолдау көрсетуге дайын екені, мұндай конференцялар ел мен елдің, мәдениеттердің арасында көпір салуға себепші болатынына тағы да көзімізді жеткізді.

Ең үздік студенттік топ-2019

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жыл сайын өтетін “Ең үздік студенттік топ-2019” байқауына Халықаралық қатынастар факультетінің атынан куратор-эдвайзер Уалиханұлы Абылайханның Әлемдік экономика-81тобы байқаудың жартылай финалына өтті. Ең үздік студенттік топ жобасы – Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіподағының ынтымақты дәріптеп, студент – жастардың дамуына мүмкіндік туғызатын, көшбасшылар тәрбиелеп, ел дамуының даңғыл жолын айқындауға үлес қосатын теңдессіз жобалардың бірі. Байқаудың ширек финалында жарысқа қатысып жатқан әр факультет “Талайға арман болған, талайды қанат қақтырған ҚазҰУ” атты видео байқауында әр факультет өздерінің 5 минуттық видеоларын көрсетті.

Женева университетінің (Швейцария) профессоры А. Аккари ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде дәріс оқуда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы Женева университетінің профессоры А. Аккариді магистранттар мен докторанттарға дәріс беруге және оқытушы-профессорлар құрамына семинар жүргізуге шақырды. Женева университеті QS World Universities Ranking бойынша 105-орында. Профессор А.Аккари бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен кездесіп, алдағы ынтымақтастық туралы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ профессор А.Аккари «Мәдени әртүрлілік және халықаралық білім беру», «Әлемнің азаматы және Білім берудің сапасы», «Көптілді білім беру», «халықаралық ұйымдардың рөлі» тақырыбында факультет студенттеріне, магистранттарына дәріс оқыды. Факультет оқытушыларына «Халықаралық ұйымдардың қызметі және халықаралық білім беру» тақырыбында, филология және педагогика факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына «Тілдік саясат, мәдени әртүрлілік және көптілді білім беру» туралы ашық дәріс оқыды. Профессор А.Аккаридің әрбір дәрісі тыңдаушылар үшін қызықты болды. Өзара пікір алмасулар болды. Шетелдік профессорлардың тәжірибесінен әлі де үйренеріміз көп екеніне куә болдық.


 

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар түрлі елдер мен мәдениеттер арасындағы көпір ретінде

2019 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің базасында дипломатиялық аударма кафедрасы Канада, Франция және Швейцариядан келген шетелдік профессорлардың қатысуымен «Шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері және аударма» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға республиканың ЖОО мен колледждерінің 80-нен астам шет тілі мұғалімдері қатысты. Семинардың жұмыс тілдері ағылшын және француз тілдері болды. Женева университетінің профессоры А. Аккари екі тілде онлайн семинар өткізді. Оқытушы Халид Фатес (Франция), француз мұғалімдеріне «Арнайы мақсаттар үшін француздарды оқыту» тақырыбында семинар өткізді. Лейкед университетінің (Канада) профессоры Сэт Агбо «ХХІ ғасырдағы шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Женева университетінің профессоры А.Аккаримен онлайн-конференция өте қызықты болды, Ол профессорлар арасындағы пікірталасқа серпін берді, ал семинарға қатысушылар сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Жалпы, семинар қызықты әрі пайдалы болды. Семинарға қатысушылар өз тараптарынан оң пікірлер айтып, ұсыныстар жасады.


 

«АДАМ КАПИТАЛЫ – 4.0 ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ НЕГІЗІ» атты 49-шы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

14-15 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «АДАМ КАПИТАЛЫ – 4.0 ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ НЕГІЗІ» атты 49-шы Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Онда Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы А.М. Даирбекова Германиядан арнайы шақырылған Йоханнес Гутенберг атындағы Майнц Университетінің PhD докторының мастер-классы үшін синхронды аудармашы рөлін атқарды. А.М. Даирбекова кәсіби түрде өткізілген аударма үшін жоғары бағаланды, ал Анке Колер аудармашының жұмысына риза болды.   

   

Франция профессорының ҚазҰУ-ға келуі

2019 жылдың 14 ақпанында дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызының бастамасымен Пуатье университетінің (Франция) профессоры Лича Бажинимен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың халықаралық қатынастар факультетінде кездесу болды. ХҚ факультетінің деканы С.Ж. Айдарбаев кіріспе сөз сөйлеп, презентацияға сәттілік тіледі. Өз кезегінде профессор Лича Бажини өз презентациясында білім алу бағдарламалары және жаздық мектеп туралы ақпарат берді. Студенттер презентация кезінде Франциядағы студенттердің өмірі, оқудың талаптары, оқу құны, жол құны туралы белсенді сұрақ қойып, қажетті ақпараттар алды. Бұл кездесу барлығымызға қызықты және пайдалы болды.



ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Ы.Алтынсарин медалімен марапаттау

Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Мухаметкалиева Г.О ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Ы.Алтынсарин медалімен марапатталды. Суретте Мухаметкалиева Г.О және Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова А.С. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова Женева университетінде (Швейцария) дәріс оқып қайтты. 

2018 жылдың 8 - 17 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, Фрибург университетінің (Швейцария) пост-докторанты (2012-2014) профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Женева университетінің (Швейцария) арнайы шақыртуымен “Білім беру және психология” факультетінің докторанттары мен магистранттарына дәріс оқыды және профессорлық-оқытушы құрамына “Болон процесін қабылдағаннан кейінгі Қазақстанның білім беру жүйесі: жетістіктері мен кемшіліктері” тақырыбында көпшілік конференция өткізді.

Сондай-ақ аталған факультеттің профессоры Абделжалил Аккаримен бірлескен жоба бойынша жұмыс жасады. Женева университеті дүние жүзіндегі үздік университеттер қатарына кіреді. QS World Universities Rankings бойынша 108-орында.

Профессор Сейдикенова Алмаш Смайылқызы осы іссапарында Женева университетінің басқа да факультеттерінің профессорларымен кездесіп, байланыс орнатты. 77 жылдық тарихы бар мамандандырылған арнайы ілеспе аудармашылар даярлайтын “Ауызша және жазбаша аударма” факультетінің халықаралық қатынастарға жауапты, профессоры Оливье Демисси-Казеймен кездесті (Dr. Olivier Demissy-Cazeilles).

Профессор А.С. Сейдикенованың Женева университетінде өткізген дәрістері шетелдік әріптестері тарапынан жоғары бағаланып, 2019- жылдың маусым айында магистранттар мен докторанттарға тағы да дәріс оқуға шақырту алып отыр. Іс сапар соңында Женева университетінде дәріс оқығанын растайтын арнайы сертификатқа ие болды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми семинар 

2018 жылдың 29 қараша күні сағат 17:00-де «Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубының аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде

1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент Күніне арналған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми семинар өтті. 

Ғылыми семинар (Түркия, Анкара) Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент А.С.Сейдикенова, клуб жетекшісі, ф.ғ.к., доцент С.Б.Бөрібаева, доценттер А.С.Смагулова, А.Т.Бақытов, аға оқытушы Р.А.Маткеримова және Халықаралық қатынастар факультетінің 2,3- курс студенттері қатысты.  

Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа арналған ғылыми семинар Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының Президенті Мендерес Демирдің видео-мәлімдемесімен ашылды. Мендерес Демир «Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубының мүшелерін және оқытушыларды 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент Күнімен құттықтап, ғылым жолында шығармашылық табыстар тіледі. Н.Ә. Назарбаев – бүкіл Түркі Дүниесінің ең парасатты Президенті екенін және оның халықаралық аренадағы рөлінің маңыздылығын да атап өтті. Сонымен бірге университет басшылығына, ректор Ғ.М.Мұтановқа өз құрметі мен алғысын білдіре отырып, студенттерге Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясы атынан I, II, III дәрежелі Дипломдары табыс етілетіні туралы мәлімдеді.

Семинар барысында Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері –

«Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны», «Ұлы тұлғаның еңбектері», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Елбасының құштарлығы», «Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық аренадағы рөлі» тақырыптарында баяндама-презентацияларын ұсынды. 

«Халықаралық құқық» бөлімінің 3-курс студенті Шірінбек Айбарша, кинорежиссёр Рүстем Әбдірашевтіңұлы мақсатқа бастар жолдағы Елбасының арманға толы балалығы мен жалынды жастық өмірі қамтылған ғұмырнамалық «Балалық шағымның аспаны» көркем туындысынан үзінді көрсетті.

         Ғылыми семинар соңында Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының Президенті Мендерес Демирдің атынан ғылыми сайыста баяндама оқып, белсенді қатысқан студенттерге I, II, III дәрежелі Дипломдар табыс етілді.

Халықаралық қатынастар факультетінің «Шығыс әлемі»     студенттік ғылыми-танымдық клубының жетекшісі, ф.ғ.к., доцент, Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының ресми өкілі С.Б.Бөрібаева


                                                                                                      Қазақстан - әлем елі

30.10.2018 ж.

2018 жылдың 30 қазанында №14 жатақхананың акт залында дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Уалиханұлы Абылайхан "Қазақстан-әлем елі" атты концерттік бағдарлама өткізді. Концерттік бағдарламаға Халықаралық Қатынастар Факультетінің 1 - 4 курс студенттері қатысты. Әр түрлі презентациялар, өлеңдер, билер және т.б. дайындалды. Іс-шараның мақсаты патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту және ұлы қазақ халқының тарихын еске салу болып табылады. Шара барысында бейнероликтер мен слайд-шоу көрсетіліп, әндер шырқалып, өлеңдер оқылды, би бағдарламасы дайындалды.

Сенбілік

2018 жылдың 6 қазанында  Әлемдік экономика мамандығының 1 курс студенттері оқытушы Уалиханұлы Абылайханның бастамасымен сенбілікке қатысты.

Movie club " атты ашық эдвайзерлік сағат"

22 қыркүйек, 2018ж.
Әлемдік экономика мамандығының 1-курс студенттері эдвайзер  Уалиханұлы А. жетекшілігімен "Movie club" атты ашық эдвайзерлік сағат өткізілді. Іс-шара барысында әртүрлі бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді.

"Let's have a fun (British Superstitions)" тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қыркүйектің 19-ы күні 2018ж. "Халықаралық құқық" мамандығының 1 курс студенттері мен Дипломатиялық аударма кафедрасының куратор-эдвайзері А.М. Даирбекованың басшылығымен тілдер аптасына арналған "Let's have a fun (British Superstitions)" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара көңілді күйде өткізілді. Студенттер әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, британ сюжеттеріне қатысты мысалдар келтірді, ағылшын тіліндегі фильмнің бейне фрагментін көрді, талқыланды, сосын соңында барлығы «Des'ree - Life» әнін орындады, оның мәні, бар ырым-жырлықтарға қарамастан, әрдайым бақытты болуға тиіс өмір мен күлімсіреу. Сондай-ақ алдын-ала дайындалған шағын ашықхаттардың соңында студенттер бір-біріне тілек білдірді, бірақ қол қоймай. Содан кейін бұл ашықхаттар өзара араласып, студенттерге таратылды, сондықтан әр оқушы анонимді жіберушінің жағымды тілегін алды: бақыт, махаббат, тек «А» ұпайлары, күлімсіреу және т.б.

Бұл ашық кураторлық сағат Қарасай батыр көш. 95A, Халықаралық Қатынастар Факультеті, № 324 аудиторияда болды.Ашық кураторлық сағатқа кафедра меңгерушісі  Сейдикенова А.С және басқа оқытушылар Макишева М.К, Карипбаева Г.А және СмагуловаА.С  қатысты.


Шарын шатқалына бару

Қазақстанның әр қаласынан келген студенттерді Алматының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында дипломатиялық аударма кафедрасының эдвайзерлері халықаралық қатынастар факультетінің 1-2ші курс студенттерін 15 сәуірде Шарын шатқалын тамашалауға апарды. Саяхат сәтті өтті. Студенттер табиғат аясында демалып, жақсы көңіл-күймен оралды.

 

                                                                       Студенттермен театрға бару 

Демалыс күндері сабақтан қол босағанда кафедра оқытушылары студенттермен бірге киноға, театрға бару дәстүрін қалыптастырған. Эдвайзерлік топтардың көпшілігі 1-2 курс студенттері болғандықтан, студенттер тарапынан мұндай бастамалар жоғары қолдауға ие болады. Суретте 1-2 курс студенттері М.Әуезов атындағы драма театрда «Томирис» атты қойылымын тамашалауға келген сәт. Қойылым студенттерге де оқытушыларға да қатты әсер қалдырды.

.

                                     "Француз көктемі" –атты француз тілінен фестиваль

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да 27 сәуір 2018ж. («Le printemps à la française»)"Француз көктемі" –атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған мерекеге халықаралық қатынастар факультетінің бірінші және екінші курс студенттері халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының француз тілінің оқытушыларының қадағалауымен өз қойылымдарын мұқият орындады. Мерекенің өтілуі барысында студенттер көрермендерге танымдық әрі күлдіргі миниатюрларды дайындады, жанды дауыста ән шырқады, интерактивтік виктариналық сұрақтар қойылып, жауап бергендерге аздаған сыйлықтар таратылды. Дарынды студенттердің шырқаған әндері жүрекке жетіп жатты, қойылған миниатюралары мен қойылымдарынан Франция мәдениеті айшықтала көрсетілді. Викториналық сұрақтар қатысушылармен көрерменге Франция жайлы қызықты мағлұматтармен салынған көпір болды.  

 

                                         

                                   Халықаралық конференция- өзара қарым-қатынас мәдениетін дамытудың бір факторы

 V халықаралық Фараби оқулары аясында Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасы студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында «Аударма және мәдениаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері және «Қазіргі әлемдегі тіл және мәдениет БҰҰ тілдері секциялары бойынша жұмыс жасады. Конференцияға ҚазҰУ Сүлеймен Демирел университеті және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері қатысып баяндамалар жасады. Конференция барысында аударма мәселелеріне және шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерге көп көңіл аударылды. Конференцияны қорытындылай келе үздік деген баяндамаларға арнайы дипломдар, ал қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді. 1-орынды С.Демирел университетінің 3-курс студенті Мукташева Меруерт, жетекшісі- PhD доцент Құрманәлі Алтыншаш, ҚазҰУ 2-курс студенті -Куаглио Татьяна, жетекшісі- Маткеримова Раушан және Жетісу мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Идигова Аня, жетекшісі- ф.ғ.к, профессор Машанова С.М. , 3-орынды ҚазҰУ 1-курс магистранты Маженова Айымгуль, жетекшісі- ф.ғ.к., доцент Бақытов А.Т. иеленді. Аталған конференция студенттер мен жас ғалымдар үшін өте пайдалы болды.

 

  Халықаралық қатынастар факультеті шетелдік студенттердің студенттердің көзімен

Біз Қытай елінен келген халықаралық қатынастар факультетінің 2-ші курс студенттеріміз. Бізге осы факультетте оқыған ұнайды. Негізгі мамандығымыз «Халықаралық қатынастар» -дан бөлек екі шет тілін оқимыз: ағылшын және неміс тілдері. (“Station Deutsch” клубының мүшелеріміз.) Болашақта ҚР-мен Қытай арасында білім саласында тығыз байланыс болады деп үміттенеміз.


 

                                                            

                                     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Франциядан келген делегацияны қабылдады

6 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не Пуатье (Франция) университетінің делегациясы іс сапармен келді. Делегация құрамында Қазақстан-Франция халықаралық бағдарламаларының координаторы Лича Баджини, француз орталығының директоры- Корин Дельбар, тілдер үйінің директоры- Гаелла Шабас, филология факультетінің координаторы -Изабель Мийон, экономика факультетінің оқытушысы Филип Рожон болды. Халықаралалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Смайлова Айжан Болатханқызымен кездесіп, екі университет арасындағы келешектегі жоспарлар бойынша келіссөздер жүргізді. Одан кейін қонақтар филология факультетіндегі «Университеттік француз тілі ресурс орталығының» жұмысымен танысты. Студенттердің «Франкофония наурызы» аясында әзірлеген мерекені тамашалады. Сонымен қатар, халықаралық қатынастар факультетінің деканы профессор С.Ж. Айдарбаевпен кездесіп, екі университет арасындағы алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу нәтижесінде шетелдік әрісптестеріміз өзара студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, жаздық мектептер ұйымдастыру және бірлескен ғылыми мақалалар жазуға ниетті екендіктерін айтты. Аталған кездесу қазақ-француз қатынастарын одан әрі нығайтуға, студенттер тарапынан француз тілін оқуға деген ынтасын арттыратынына сеніміміз мол.

                    НАУРЫЗ FEST 

Наурыз –шығыс елдерінің бүкілхалықтық мерекесі. Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл басы ретінде тойланады. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін ерекше бағалайды, жыл сайын атап өтеді. Дипломатиялық аударма кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінде 23.04.2018 ж., сағат 16.00 "НАУРЫЗ FEST" -атты іс-шара өткізілді. 1, 2 курс барлық мамандықтарының студенттері мына елдер мәдениетін таныстырды: Қазақстан, Испания, Түркия, Қырғызстан, АҚШ, Германия, Мексика, Қытай. Музыкалық нөмірлер, скетчтер, презентациялар жоғарыда аталған елдердің ұлттық киімдері мен тағамдарын дайындады. Команда қатысушылары мақтау қағаздарымен марапатталды. Гран-приді Мексика командасы жеңіп алды. Жарыс өте қызықты өтті.

 

                                            Неміс тілі сабағында фильмдер мен музыканы  қолдану

Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы ДААД дәріскерімен бірлесіп 6 мамыр 2018 ж. «Неміс тілі сабағында фильмдер мен музыканы дидактикалық құрал ретінде қолдану» атты әдістемелік семинарлар DAF (Deutsch abs Fremdsprache-Неміс тілі шет тілі ретінде) бағдарламасы шеңберінде өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дәріскері Кеслер Торстен және оның әріптесі Юлия Янка неміс тілін шет тілі ретінде оқытудағы жаңа дидактикалық әдістерімен таныстырды.

Семинарға қатысушылар жаңа дидактикалық әдістерді жергілікті дәстүрлі үйретумен байланыстыруға болатынын атап өтті.

                     ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жіберген жолдауын      талқылау    

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жіберген жолдауын 12 наурыз 2018 ж. 2ХҚ студенттерімен талқыладық.

Әлеуметтік жаңаруға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары»

1. Әрбір отбасына тұрғын үйді сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктер.

2. Жалақысы төмен азаматтарға салық төлемін азайту.

3. Қолжетімділігін және сапасын арттыру, жоғары білім беру және өмір сүру жағдайын жақсарту және студент жастар.

4. Шағын кредит беруді кеңейту.

5. Елді одан әрі кодификациялау.

Отандық шынайы, нақты есептелген экономикалық мүмкіндіктерге сүйене отырып ойластырылған Елбасының барлық бастамалары мен ұсыныстарын осындай сабақтардың арқасында студенттер ұғынады.

 


                                                    ДААД лекторының  конференцияға қатысуы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі ДААД лекторы Торстен Кеслер 30.03.2018 ж. Шымкентте Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінде «Yunusov Readings»-атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Универсттет ректоры М. А. Жарқынбековтің шақыруымен ДААД лекторы Торстен Кеслер алғы сөз айтты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасындағы жұмысы жайлы презентация жасады. Тақырыбы " Қоғамдық сананы жаңғырту және білім мен ғылым интеграциясы жағдайында қалыптастыру". Конференцияға Беларуссия, Испания, Иран және Өзбекстаннан келген қонақтарда қатысты.

 

                                                                   Паулин Котьемен кездесу  

24.01.2018 жылдың 24 қаңтарында Халықаралық қатынастар  факультетінде Орталық және Шығыс Еуропадағы халықаралық байланыстар орталығының директоры Паулин Котьемен кездесу өткізілді. Кездесу барысында факультет деканы профессор  С.Ж. Айдарбаев өзара ынтымақтастық туралы келісім жасау жөнінде келіссөздер жүргізді. Кездесуге философия және саясаттану факультетінің деканы фил.ғ.д. профессор Ә. Маслимова, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к, доцент А.С. Сейдикенова, з.ғ.к. профессор м.а. Сайрамбаева Ж.Т., деканның  ғылыми-инновациялық және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары PhD Жекенов Д.Қ. қатысып, кездесу барысында келешек байланыстар мен серіктестік орнату жолдары қарастырылды. 

 

                                                                   Елбасы жолдауын талқылау

17.01.2018жылы  Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінде, атап айтқанда әлемдік экономика мамандығының 1курс студенттерінің арасында елбасы жолдауы қызу талқыланды.Бұл пікір- таласты әлемдік экономика мамандығының 1курс  кураторы, филология ғылымның кандидаты, профессор Смагулова Айгерим Советхановна жүргізді.Пікір- талас кезінде мемлект үшін өзекті мәселелер қаралып, елбасы жолдауы қызу талқыланды. Әлемдік экономика мамандығының 1курс студенті Эркинова Гүлдана ой пікірімен бөлісті.

Қазақстан-егемен, құқықтық және демократиялық мемлекет.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алдымызда асу-асу белдер, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер, белде талар, желде беттен қағар,бәріне де төзу керек, бәріне де көну керек» деген салиқалы саясатының арқасында  әлем елдерімен терезесі тең мемлекетке айналдық. XXIғасыр-ақпараттық қоғам дәуірі. Мемлекеттің ЖаҺандық  оқиғаларға арласу үшін ел экономикасы жоғары дәрежеде болу керек. Осы мақсатта елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  2018жылы 10қаңтарда жарияланған  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы жарық көрді.Елбасы өзінің жолдауында жұмыстың 10басымдылық бағытын атап көрсетті. Бұл индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар»-агроөнеркәсіптік кешенін қарқынды дамытудың мүмкіндіктері, көлік-логистика инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық  секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал-жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі және «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Осы берілген бағыттар бойынша қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жеке –жеке белгілі міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілді.  Жолдау нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді көтерген атаулы құжат болды.Біз 2025жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруіміз керек.Өскелең жас ұрпақ үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, жастардың  ағылшын тілін жетік игеруін, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.Біз  цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. ЖаҺандық дүниенің түкпір-түкпірінен ақпарат алмасу мүмкіндігін қолжетімді етіп отырған жаңа технологиялар, олардың инфрақұрылымдары жоғары білім беру мазмұнын әмбебаптандырып, әлемнің жетекші білім беру орталықтарынан білім алмасуды көздейді.Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған, қанымызға сіңген асыл қасиеттерді одан әрі тарата білуіміз қажет.Жаңғырудың ең басты шарты-ұлттық кодты сақтай білу.Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың дамуын елбасы екі қырын атап көрсетеді : ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып,оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Елбасының бұл жолдауы болашаққа сенімді бағдар ретінде көрсетіліп, негізгі түйіндерді тарата білетін маңызды бағдарламалық құжатқа айналатыны сөзсіз.

 

 

        Ғылыми-әдістемелік  семинар біліктілікті арттырудың бір жолы

2018 жылдың 5-6 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Сейдикенова Алмаш Смайылқызының бастамасымен Франция елшілігі, Қазақстандық француз тілі оқытушыларының республикалық ассоциациясы және Француз Альянсының қолдауымен  республикадағы шет тілдері оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Шетел тілдері мен аударманы оқытудағы заманауи әдістер» атты республикалық семинар өткізілді. Семинарға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Сүлеймен Демирел университеті, Қазақ қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰУ, Халықаралық бизнес академиясы, Қ.С. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. Ғылыми-әдістемелік семинар ағылшын және француз тілінде жүргізілді. Соған сәйкес екі секция жұмыс жасады. Семинардың мақсаты: оқытушыларды шет тілін және аударманы оқытудағы заманауи жаңа әдістермен таныстырып, оларды  оқу процесінде қолдануға үйрету, ХХІ- ғасырдағы тіл білімі саласында болып жатқан өзгерістермен таныстыру, мастер-кластар өткізу арқылы шеберліктерін шыңдау, адами, тілдік және мәдени капиталдарын байыту. Семинарды салтанатты түрде Халықаралық қатынастар факультетінің деканы з.ғ.д., профессор Сағынғали Жоламанұлы Айдарбаев қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде құттықтау сөз сөйлеп ашты.

 

Семинардың пленарлық отырысын дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент А.С. Сейдикенова ағылшын және француз тілдерінде жүргізді.  Семинарға арнайы шақырылған қонақтар: Абай атындағы ҚазҰПУ кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. профессор Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы, Қазақстандық француз тілі оқытушыларының республикалық ассоциациясының президенті Жанайдарова Әсел және  Сүлеймен Демирел атындағы университеттің филология факультетінің деканы PhDдоктор, профессор Азамат Акбаров,  құттықтау сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға табыс тіледі.

Өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарда СДУ, Абылай хан атындағы ҚазХжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Француз Альянсының, дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары ағылшын және француз тілінде шеберлік сағаттарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өз кезегінде оқытушылар семинарға белсенді түрде ат салысты. Аталған семинар оқытушылар үшін пайдалы да қызықты болды. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. Ал қатысушылар  мұндай семинарлардың пайдасы зор екенін, мүмкіндік болса жиі өткізу туралы ұсыныстарын айтты.

 

 

 

ҚазҰУ ХҚФ, Дипломатиялық аударма

 кафедрасының меңгерушісі

ф.ғ.к., доцент А.С. Сейдикенова

 

 

 

 

 

 

21.11.2017 жылы «100 кітап» бағдарламасы аясында топ эдвайзері А.Б.Тулепбергенованың жетекшілігімен халықаралық қатынастар мамандығының 2 курс білімгерлерімен өздері оқып шыққан кітаптарын талқылау туралы кураторлық сағат өткізілді.

Кез келген әдебиет – көне болсын, не болмаса қазіргі заманғы болсын біз өмір сүріп жатқан заманның бір көрінісі болып табылады. Жазушылар өз шығармаларында тарихи оқиғаларға, қазіргі заманның сұранысы мен талабына, жастардың тәрбиесіне мән береді.

Кураторлық сағат барысында білімгерлер өз пікірлерімен, шетел тілінде және ана тілінде оқылған кітаптардан алған әсерлерімен бөлісіп, қысқаша сипаттама жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Nauryz Festival

3 мамыр, 2017 ж. 

Наурыз – көктемдік жаңару мен күн мен түннің теңесуін білдіретін мейрам. Қазақ халқы үшін бұл мейрам тек көктемдік жаңарудың ғана емес, сонымен қатар, махаббат, достық пен берекенің белгісі. Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Nauryz Festival-ды жыл сайын атап өтеді. Себебі, болашақ дипломат үшін басқа халықтардың мәдениет, салт-дәстүр ерекшеліктерін білу және сезіну маңызды.

Шараның мақсаты – әлем халықтарының ұлттық салт-дәстүрлерін тану, мәдени және рухани әртүрлілігін ағылшын тілі арқылы көрсету.

Мереке ұлттық тағамдардан дәм татып, халықтың салт-дәстүрі мен өмірін өз көзімен көруге, музыкалық аспаптар әуенінен әсер алып, әр халықтың қонақжайлылығын сезінуге мүмкіндік берді. Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, ән шырқалып, би биленді. Сонымен қатар, Армения, Италия, Корея, Грузия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Германия және т.б. ұлттар мен конфессия өкілдері өнер көрсетті. Көп ұлтты мерекенің негізінде әр тіл бүкіл халықтық мәдени мұраның, әр мәдениет әлемдік өркениеттің бір бөлігі екендігін көруге болады. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: әлем рухы, мәдениеті және келісімі» және бұл мереке ТМД-дағы басқа елдермен салыстырғанда тек Қазақстанда ғана біріккен ұлт пен ортақ рухтың ықпалымен тәуелсіз өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді.

 

«Еуразиялық Экономикалық Одақ: мүмкіндіктер мен мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел.

Қарашаның 25 жұлдызында Халықаралық қатынастар факультетінің 3 және 4 курс студенттері аға оқытушы Ләйлә Дүйсееваның жетекшілігімен «Еуразиялық Экономикалық Одақ: мүмкіндіктер мен мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Пікірталас барысында студенттер аталмыш одаққа қатысты жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ортаға салып, дәлелдемелерге негізделген ойларын, болжамдарын және сын пікірлерін айтуға мүмкіндік алды. 

Кездесу барысында мынадай тақырыптар жеке-жеке қарастырылды:

  1. Еуразиялық Экономикалық Одақтың кеңейтілуі мүше мемлекеттерге экономикалық тұрақтылық әкеледі;
  2.  Ортақ валютаның тағайындалуы мүше мемлекеттерді жаһандық дағдарыстан құтқарудың жолы ретінде;
  3. ЕЭО федерация болудан көбірек мүмкіндіктерді иеленеді.

Мұндай дөңгелек үстелдердің ұйымдастырылуы болашақ кәсіби мамандар үшін таптырмас ақпарат қайнар көз екендігін айтып кеткен жөн. 


«Тәуелсіздікке тағзым» атты ашық эдвайзер сағаты.

2016 жылдың 22 қарашасында Халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық құқық мамандығының 71қ топ 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тағзым» атты ашық эдвайзер сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты студенттердің отансүйгіштік сезімдерін оятуды, елін сүюді және тарихқа тағзым етуді көздейді.  Іс-шара барысында тәуелсіз еліміздің қазіргі таңға дейінгі басынан өткерген тарихи оқиғалары слайд-шоу, бейнероликтер арқылы көрсетілді. Кеш студенттердің патриоттық әндерімен және өлеңдер оқуымен жалғасты.

«Тіл – халықтың қазынасы» атты фестиваль.


20 қараша, 2016 ж. халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары Тілдер мерекесіне байланысты  «Тіл – халықтың қазынасы» атты фестиваль  өткізді. Ізгілікті іс-шараның мақсаты   студенттердің  жеке тұлға ретінде творчествалық біліктілігін жетілдіру және тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

 

ХҚФ оқытушылары әріитестерімен Д.А.Кунаев муражайында.


Қарашаның 16-шы күні Халықаралық қатынастар Факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары ҚҰУ ағылшын тілін оқуға келген әріптестерін Д.А.Кунаевтің муражай-пәтеріне шақырды. Экскурсияны Д.А. Кунаевтің жиені  Серикбаева Жанет Даулетовна өткізді. Дінмухамед Ахметұлы Қонаевтің өмірі туралы әсіресе ол кісінің адамдармен қарым –қатынасы туралы көп әнгіме айтылды. ҚҰУ-тін қонақтары өте риза болды себебі бұл муражайдын барын білмеген екен және өте қызық әнгіме естігеніне.

 

 

«Туған жерге жыр арнайды ақындар!»


2016ж.15 қараша күні №14 жатақханада  «Туған жерге жыр арнайды ақындар!» тақырыбымен патриоттық поэзия кеші өтті. Халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы З.А.Әбідіннің және Студенттік кеңестің (төрайымы Бауыржан Томирис) ұйымдастыруымен өткен жыр кеші еліміз тәуелсіздігінің 25жылдығына арналды. Поэзия кешін З.А.Әбідін кіріспе сөзбен және М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңімен ашты. Кеш барысында болашақ дипломаттар қазақ поэзиясының алыптары - М.Жұмабаев, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Т.Молдағалиевтың елге, жерге арнаған жырларын шабыттана оқыды. Студенттер өз құрбылары -  Жұлдыз Қайыржанның «Ана тілім», Ләззат Жұманбаеваның «Қазақ халқыма» деп аталған балауса жырларын тыңдап, оларға «шабыттарың сарқылмасын»! –деген тілек айтты. Н.Тілендиевтің «Әл-қиссасын» нақышына келтіре орындаған Бағдәулетқызы Сағыныштың, қазақ тілінде жүрекке жеткізе жыр оқыған ауғанстандық студент Накибулла Бехзаттың және кешті жүргізген Абжаппаров Ардақтың өнерлері атап өтуге лайық. Кеште студенттер поэзия құдіретіне, өнер құдіретіне риза көңілмен қол соқты.

Жыр кеші « ...Жер-Ана сынды ғаламда

    Туған жер жалғыз адамда» -деген өлең жолдарымен аяқталды.

 

 

Қазақстандық режиссер-сценарист Еркін Ракишевпен кездесу.

Қарашаның 15 жұлдызы күні 2016 ж. ҚазҰҮ-де Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасы және халықаралық құқық мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен белгілі Қазақстандық режиссер-сценарист Еркін Ракишевпен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерді талғандыратын сұрақтарын қойды және жуырда шығатын "Әйгерім" және "Үмітін үзілмесін" атты кино-туындыларының үзінділерін көрсетті. Әйгілі режиссердің қоржынында "Жаралы сезім", "Жетімдер", "М-агент", "Брат мой Борат", "Менің де атым Қожа", "Айша", "Ашаршылық" және т.б. туындылары бар. Е.Ракишев кино түсіру барысында қызықты оқиғаларын да баяндап берді. Қазіргі таңда ол "Көкжалдар" атты киносын түсіру барысында. Ол болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Кездесу өте қызықты және жоғары деңгейде өтті.

 

«Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты дөңгелек үстел.


«Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубының ұйымдастыруымен Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне арналған «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жазғы мектептен алған  ұмытылмас әсерлер.


2016 жылдың 5- 15-ші маусым аралығында Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) Алматы технологиялық университетімен (АТУ) бірлесіп Тау-Түрген демалыс үйінде неміс тілінің жазғы тіл мектебін өткізді. Жазғы мектепке Алматы, Қарағанды, Өскемен және Қостанай қалаларынан барлығы 21 адам қатысты. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген студенттер де болды, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Серикжанова Инабат пен Омарова Роза да жазғы мектеп жұмысына белсене араласты. Сабақтарды Алматы мен Қарағанды қалаларынан Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) оқытушылары жүргізді. Солардың ішінде ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Так Флориан да бар.
Сабақтар күніне екі рет жүргізілді. Күн сайын қатысушылар екі жаңа тақырыппен танысты. Семинар тақырыптары грамматикадан бастап диалектіге, кәсіби тілден спорт және музыка дейін қамтиды. Семинарлардың интерактивті түрі шет тілін үйренудің тиімді жолын қамтамасыз етті.. Бос уақытында, қатысушылар шетелдіктермен сөйлесуге, және қызықты конкурстар жүргізу, презентациялар жасау, және сол арқылы өздерінің тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік алды.
Ол жағымды эмоция, тәжірибелік дағдылар мен жаңа таныстар сыйлаған керемет тәжірибе болды.

 

Кәсіпкер Нұргүл Дәлелханқызымен кездесу.


17 наурыз 2016 ж.

"Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында  Филология және әлем тілдері факультеті Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Н.А. Ештаева мен  ХҚ факультеті Дипломатия кафедрасының аға оқытушысы З.А.Тлеуғабылованың  ұйымдастыруымен Шығыстану, Философия және Саясаттану және ФМО факультеттері  1,2,3 курс студенттерінің Кәсіпкер Нұргүл Дәлелханқызымен кездесу  өткізді.

 

“Frost/Nixon” ағылшын тіліндегі фильмді талқылау және көру.


15 наурыз 2016 ж.

Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы «Movie Fans» клубының жоспарымен қойылатын Frost/Nixon ағылшын тіліндегі фильмді көрді және талқылады. Клубтың жетекшісі: Тлеугабылова З.А. Фильмде көруге қатысқандар: Шығыстану және Халықаралық қарым-қатынастар факультетінің жатақханада тұратын студенттері мен Филология және әлем тілдері факультеті Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ештаева  Н.А.

 

“Coco Chanel” ағылшын тіліндегі фильмді талқылау және көру.


24 ақпан 2016 ж.

Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы «Movie Fans» клубының жоспарымен қойылатын Coco Chanel ағылшын тіліндегі фильмді талқылады және көрді. Клубтың жетекшісі: Тлеугабылова З.А.

 

“The King's Speech” ағылшын тіліндегі фильмді талқылау және көру.

  

9 ақпан 2016 ж.

Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы «Movie Fans» клубының жоспарымен қойылатын The King's Speech ағылшын тіліндегі фильмді талқылады және көрді. Клубтың жетекшісі: Тлеугабылова З.А. Фильмде көруге қатысқандар: Шығыстану және Халықаралық қарым-қатынастар факультетінің жатақханада тұратын студенттері мен Филология және әлем тілдері факультеті Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ештаева  Н.А.

 

 

«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз».


4 ақпан 2016 ж.

«Денсаулық-зор байлық»  жобасы аясында Халықаралық қарым-қатынастар факультеті  дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Тлеуғабылова З.А. мен Филология және әлем тілдері факультеті Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ештаеваның  Н.А. ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел сұхбатына Философия және Саясаттану, Халықаралық қарым-қатынастар факультетінің студенттері қатысты. Дөңгелек үстелге  әл Фараби ат. Қаз ҰУ дәрігерлік пункітінің қызметкерлері шақырылды: Исмайл Н. (социолог), Таубаева К. (психолог) и Баймашева Г.К. (Қалалық студенттер поликлиникасы терапевті).

 

Мамытбек Қалдыбаймен кездесу.


5 мамыр, 2015ж.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, бауыржантанушы,ф.ғ.к.,Мамытбек Қалдыбаймен кездесу ұйымдастырылды. Жазушы ең алдымен өз өмірі туралы азғана ақпарат беріп өтті. Атақты батыр, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлымен қалай танысқаны туралы қызықты әңгімелеп берді. Бауыржан Момышұлының қайтпас мінезі мен қайсарлығы туралы да айта отырды.Өзін үлкен өмір жолына келуіне сеп болған алғашқы өлеңдерінің бірін «Көпір» оқып берді. Студенттер мен оқытушыларға кездесу қатты ұнады. Олар түрлі сұрақтар қойды және өз өнерлерін көрсетті.

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шара.


10 сәуір, 2015 ж.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Жастарды Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.1456-шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. Одан кейінгі жылдары да қазақ халқы түрлі ауыр күндерді бастан өткізді. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет. Жалпы, іс-шара ақпаратты сипатта болғандықтан, студенттер көптеген маңызды ақпарат алды.

 

"Наурыз фест"мерекесі.


30 сәуір 2015ж.

Кафедра ұжымының көктем мерекесі Наурызға арналған ‘Nauryz Fest’ кешін жыл сайын атап өтуі дәстүрге айналған. Барлығы асыға күтетін бұл байқауға 1-3 курс студенттері қатысады. Олардың әрқайсысы өз топтарында алдын-ала таңдап алған елдің дәстүрін, өнерін, ұлттық тағамын, т.с.с. ерекшеліктерін сахналайды. Олардың көрсеткен өнерлері мен әзірлеп әкелген дастархан мәзіріне әділқазылар алқасы баға береді. Қазылар студенттер арасынан тағайындалады. Биылғы жылғы байқауға Қазақстан халқының Ассамблеясы, Үндістан, Куба, Жапония, Қытай, Бразилия, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Тәжікстан «өкілдері» қатысты. Олар «өз» елдерінің ұлттық киімін киіп, ән айтты, би биледі. Кеш соңында тамаша өнер көрсеткен командаларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

Француз тілінің апталығы.


22-24 сәуір, 2015 ж.

Француз тіліне арналған апталықтың ашылу салтанаты студенттердің флэшмоб көрсетуiмен басталды. Франция мемлекеті жайлы француз тілінің оқытушысы Маткеримова Р. мен студенттер презентация жасады. Францияның тарихы, әдет-ғұрпы және мәдениеті туралы жанжақты мәлімет алуға жақсы мүмкіндік туды. Жалпы, апталық барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді: 1) дәмді тағамдар; 2) флэшмоб;3) «Франция ҚазҰУ студенттер көзімен» атты тақырыбындағы суреттер мен фотографиялар көрмесі;4) Аквагрим.5) «Хористы» фильмінің көрсетілімі 6) Францияның мәдениеті және көрікті жерлерімен танысу 7) Фестиваль“La vie est une chanson”(концерт бағдарламасы, викторина).

 

«Студенттермен бірге киноға, театрға бару».


Наурыз 2015 ж.

Демалыс күндері сабақтан қол босағанда кафедра оқытушылары студенттермен бірге киноға, театрға бару дәстүрін қалыптастырған. Эдвайзерлік топтардың көпшілігі 1-2 курс студенттері болғандықтан, студенттер тарапынан мұндай бастамалар жоғары қолдауға ие болады. Суретте 1-2 курс студенттері М.Әуезов атындағы драма театрда Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты қойылымын тамашалауға келген сәт. Қойылым студенттерге де оқытушыларға да қатты әсер қалдырды. Екінші суретте Chaplin MEGA RealD 3D кинотеатрында өтетін Ермек Турсуновтың «Кенже» атты фильмін тамашалауға келген бір топ студент.

 

«Өркениеттің адасуы».


18 қараша, 2014 ж.

№14- Студенттер үйінде «100» кітап жобасы аясында М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» шығармасы желісінде кеш өткізілді. Студенттер күніне орай өткізілген бұл іс-шараға 1-3 курс студенттері қатысты. Кеш жүргізушілері аудиторияға шығарма авторының өмірі, қызметі, шығармашылығы, т.б. жайлы сұрақтар қойып, кешті интерактивті сипатта өткізді. Автордың нағыз ұлтын сүйетін патриот екені айтылды. Осы шығармадан үзінділер оқылып, кейбір тұстары талқыланды. Шығарманың негізгі идеясы туралы әртүрлі пікірлер айтылды. Кеш өте тартымды өтті. Кеш соңы студенттердің автор сөзіне жазылған әртүрлі әндерін айтумен аяқталды.



 

 

«Тілi басқа, тілегі бір».


19 наурыз, 2015 ж.

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара 22 наурыз мерекесі қарсаңында өтті. Кеш өтетін орын ұлттық нақышта безендірілді. Кешке қатысушылар да ұлттық киімдер киді. Анығында бұл университеттің тіл кафедралары арасында ұйымдастырылған байқау болатын. «Тілі басқа, тілегі бір» деген атына сай, бұл кеште қазақ, ағылшын, неміс, испан, француз, араб, қытай тілдерінде ән айтылып, би биленді. Әр елден «келген» өкіл сол ел туралы қысқаша ақпарат беріп, сол елдің өнерін көрсетті. Кеш соңы Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен аяқталды.

 

 

«Жаны саудың - тәні сау».


 27 қазан, 2014 ж.

«Жаны саудың - тәні сау» атты іс-шара дипломатиялық аударма кафедрасымен ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа адам денсаулығының басты құндылығы жайында түсіндіру. Іс-шара тікелей дәрігердің қатысумен өткізілді. Бұл кездесу барысында дәрігер Кабулбаева К.А. студенттерге денсаулықтарын күту керектігін, оның маңыздылығы және зиянды дағдылардан бас тарту керектігін, салауатты өмір сүру керектігін атап көрсетті. Денсаулықтың зор байлық екендігіне тағы да бір рет көз жеткізген студенттер өз кезегінде толғандыратын сұрақтарын қойды.

 

Испан тілінің апталығы.


17 қараша, 2014 ж.

Испан тіліне арналған апталықтың ашылу салтанатында Испания мемлекеті жайлы испан тілінің оқытушысы Б. Пулиманти және студенттер презентация жасады. Ал, 18 қараша күні Сыртқы істер министрлігі, Испанияның Астанадағы елшілігінің сауда және экономика жөніндегі кеңесшісі Кристина Сантамария Гарсиямен кездесу өткізілді. Аталған кездесу барысында оқушылар Испанияның тарихы, әдет-ғұрпы және мәдениеті туралы жанжақты мәлімет алуға мүмкіндік алды. Студенттер сұрақтар қойып испан тіліне деген қызығушылықтарының басым екенін білдірді. Жалпы, апталық барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді: “Mirame yo soy la España” фильмін тамашалау, студенттердің өнерлері мен ұлттық тағамдар даярлау, және апталықтың соңғы күнінде «Әлемдік мәдени коммуникация үрдісіндегі мәдениаралық сұхбат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

«Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті».


26 қараша, 2014 ж.

ҚР Президентінің күні қарсаңында дипломатиялық аударма кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Орталық мұражай қызметкері 1-2 курс студенттеріне «Н.Назарбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» атты дәріс оқыды. Ол интерактивті сипатта өтті. Студенттерге президенттің балалық шағы, өмірі мен қызметі жайлы сұрақтар қойып, ол кісінің өмірінің қызықты тұстарын әңгімелеп берді. Слайдтар арқылы президенттің жастық шағынан қазіргі кезеңге дейінгі қызмет жолы көрсетілді. Ол кісінің егемен Қазақстанды гүлдендіруде жасаған ерен еңбектері туралы көп айтылды. Студенттер түрлі сұрақтар қойып, дәріс тартымды өтті.