«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми семинар

2017 жылдың 29 қараша күні сағат 16:30-да  «Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубының аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде

1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент Күніне  арналған Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты халықаралық ғылыми семинар өткізілді.

Ғылыми семинар  (Түркия, Анкара) Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға клуб жетекшісі, ф.ғ.к., доцент С.Б.Бөрібаева,  факультеттің аға куратор-эдвайзері О.Қ. Жолдасбаев,  Дипломатиялық аударма кафедрасының ф.ғ.к., доцент А.Т.Бақытов  және Халықаралық қатынастар факультетінің 1-3 курс студенттері, магистранттары  қатысты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа арналған ғылыми семинар Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының президенті Мендерес Демирдің видео-мәлімдемесімен ашылды.  Мендерес Демир «Шығыс әлемі» студенттік ғылыми-танымдық клубының мүшелерін және оқытушыларды 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент Күнімен құттықтап, ғылым жолында шығармашылық табыстар тіледі.  Н.Ә. Назарбаев  – бүкіл Түркі Дүниесінің ең парасатты президенті екенін және оның халықаралық аренадағы рөлінің маңыздылығын да атап өтті. Сонымен бірге университет басшылығына,  ректор Ғ.М.Мұтановқа өз құрметі мен алғысын білдіре отырып,  студенттерге Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясы атынан I, II, III дәрежелі  Дипломдары табыс етілетіні туралы мәлімдеді.

Семинар барысында Халықаралық қатынастар факультеті «Халықаралық құқық» бөлімінің 1-3 курс студенттері: Абдыкасым Қайсар – «Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны», Сайдазимова Тамила – «Ұлы тұлғаның еңбектері», Ислам Аян – «Елбасының қанатты сөздері» (Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., доцент С.Б.Бөрібаева),  Мұхаметрахимова Назерке, (Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы О.Қ. Жолдасбаев), Сердалиева Әсем – Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», Абдуллина Ақмарал – «Елбасының құштарлығы», Накыпбек Сания – «Н.Ә.Назарбаев туралы  саясаткерлердің  ой-пікірлері»,  Марван Даулен, Азаматова Диана  (Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы А.Б.Тулепбергенова)   – «Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық аренадағы рөлі» атты еңбектері бойынша баяндамалар оқып, презентациялар көрсетті. Қадырбаева Маржан, 2-курс магистранты, «Халықаралық құқық» бөлімі (Ғылыми жетекшісі – з.ғ.к., доцент  З.М.Баймағамбетова) – «НАЗАРБАЕВ МОДЕЛІ» жаңа оқылымдағы танымал тарих кітабы туралы мазмұнды баяндамасын оқыды. Сматулла Ақжарқын –  кинорежиссёр  Рүстем Әбдірашевтің  – ұлы мақсатқа бастар жолдағы Елбасының арманға толы балалығы мен жалынды жастық өмірі қамтылған ғұмырнамалық «Балалық шағымның аспаны»  көркем туындысынан үзінді көрсетті.

Ғылыми семинар соңында Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының президенті Мендерес Демирдің атынан ғылыми сайыста баяндама оқып, белсенді қатысқан студенттерге  I, II, III дәрежелі Дипломдар табыс етілді.

Халықаралық қатынастар факультетінің «Шығыс әлемі»      студенттік ғылыми-танымдық клубының жетекшісі, ф.ғ.к., доцент, Түркі Дүниесі Журналистер Федерациясының ресми өкілі  С.Б.Бөрібаева 


Басылым күні :  05.12.2017