Жазғы мектептен алған  ұмытылмас әсерлер.

2016 жылдың 5- 15-ші маусым аралығында Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) Алматы технологиялық университетімен (АТУ) бірлесіп Тау-Түрген демалыс үйінде неміс тілінің жазғы тіл мектебін өткізді. Жазғы мектепке Алматы, Қарағанды, Өскемен және Қостанай қалаларынан барлығы 21 адам қатысты. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген студенттер де болды, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Серикжанова Инабат пен Омарова Роза да жазғы мектеп жұмысына белсене араласты. Сабақтарды Алматы мен Қарағанды қалаларынан Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) оқытушылары жүргізді. Солардың ішінде ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Так Флориан да бар.

Сабақтар күніне екі рет жүргізілді. Күн сайын қатысушылар екі жаңа тақырыппен танысты. Семинар тақырыптары грамматикадан бастап диалектіге, кәсіби тілден спорт және музыка дейін қамтиды. Семинарлардың интерактивті түрі шет тілін үйренудің тиімді жолын қамтамасыз етті.. Бос уақытында, қатысушылар шетелдіктермен сөйлесуге, және қызықты конкурстар жүргізу, презентациялар жасау, және сол арқылы өздерінің тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік алды.
Ол жағымды эмоция, тәжірибелік дағдылар мен жаңа таныстар сыйлаған керемет тәжірибе болды.

Басылым күні :  25.11.2016