«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты дөңгелек үстел.

«Денсаулық-зор байлық»  жобасы аясында Халықаралық қарым-қатынастар факультеті  дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Тлеуғабылова З.А. мен Филология және әлем тілдері факультеті Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Ештаеваның  Н.А. ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»  атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел сұхбатына Философия және Саясаттану, Халықаралық қарым-қатынастар факультетінің студенттері қатысты. Дөңгелек үстелге  әл Фараби ат. Қаз ҰУ дәрігерлік пункітінің қызметкерлері шақырылды: Исмайл Н. (социолог), Таубаева К. (психолог) и Баймашева Г.К. (Қалалық студенттер поликлиникасы терапевті). 

Күні: 4 ақпан 2016ж

Уақыты: 17.00 сағат

Өткен орны: Шығыстану факультетінің № 503 ауд


Басылым күні :  31.03.2016