Мамытбек Қалдыбаймен кездесу.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, бауыржантанушы,ф.ғ.к.,Мамытбек Қалдыбаймен  кездесу ұйымдастырылды. Жазушы ең алдымен өз өмірі туралы азғана ақпарат беріп өтті. Атақты батыр, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлымен қалай танысқаны туралы қызықты әңгімелеп берді. Бауыржан Момышұлының қайтпас мінезі мен қайсарлығы туралы да айта отырды.Өзін үлкен өмір жолына келуіне сеп болған алғашқы өлеңдерінің бірін «Көпір» оқып берді. Студенттер мен оқытушыларға кездесу қатты ұнады. Олар түрлі сұрақтар қойды және өз өнерлерін көрсетті.

Басылым күні :  11.05.2015