Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шара.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Жастарды Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.1456-шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. Одан кейінгі жылдары да қазақ халқы түрлі ауыр күндерді бастан өткізді. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет. Жалпы, іс-шара ақпаратты сипатта болғандықтан, студенттер көптеген маңызды ақпарат алды.

Басылым күні :  11.05.2015