"Наурыз Фест" мерекесі.

Кафедра ұжымының көктем мерекесі Наурызға арналған ‘Nauryz Fest’ кешін жыл сайын атап өтуі дәстүрге айналған. Барлығы асыға күтетін бұл байқауға 1-3 курс студенттері қатысады. Олардың әрқайсысы өз топтарында алдын-ала таңдап алған елдің дәстүрін, өнерін, ұлттық тағамын, т.с.с. ерекшеліктерін сахналайды. Олардың көрсеткен өнерлері мен әзірлеп әкелген дастархан мәзіріне әділқазылар алқасы баға береді. Қазылар студенттер арасынан тағайындалады. Биылғы жылғы байқауға Қазақстан халқының Ассамблеясы, Үндістан, Куба, Жапония, Қытай, Бразилия, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Тәжікстан «өкілдері» қатысты. Олар «өз» елдерінің ұлттық киімін киіп, ән айтты, би биледі. Кеш соңында тамаша өнер көрсеткен командаларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Басылым күні :  11.05.2015