Студенттермен бірге киноға, театрға бару.

Демалыс күндері сабақтан қол босағанда кафедра оқытушылары студенттермен бірге киноға, театрға бару дәстүрін қалыптастырған. Эдвайзерлік топтардың көпшілігі 1-2 курс студенттері болғандықтан, студенттер тарапынан мұндай бастамалар жоғары қолдауға ие болады. Суретте 1-2 курс студенттері М.Әуезов атындағы драма театрда Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты қойылымын тамашалауға келген сәт. Қойылым студенттерге де оқытушыларға да қатты әсер қалдырды. Екінші суретте Chaplin MEGA RealD 3D кинотеатрында өтетін Ермек Турсуновтың «Кенже» атты фильмін тамашалауға келген бір топ студент.

Басылым күні :  11.05.2015