Тілi басқа, тілегі бір.

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара 22 наурыз мерекесі қарсаңында өтті. Кеш өтетін орын ұлттық нақышта безендірілді. Кешке қатысушылар да ұлттық киімдер киді. Анығында бұл университеттің тіл кафедралары арасында ұйымдастырылған байқау болатын. «Тілі басқа, тілегі бір» деген атына сай, бұл кеште қазақ, ағылшын, неміс, испан, француз, араб, қытай тілдерінде ән айтылып, би биленді. Әр елден «келген» өкіл сол ел туралы қысқаша ақпарат беріп, сол елдің өнерін көрсетті. Кеш соңы Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен аяқталды.  

Басылым күні :  11.05.2015