«Жаны саудың - тәні сау».

«Жаны саудың - тәні сау» атты іс-шара дипломатиялық аударма кафедрасымен ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа адам денсаулығының басты құндылығы жайында түсіндіру. Іс-шара тікелей дәрігердің қатысумен өткізілді. Бұл кездесу барысында дәрігер Кабулбаева К.А. студенттерге денсаулықтарын күту керектігін, оның маңыздылығы және зиянды дағдылардан бас тарту керектігін, салауатты өмір сүру керектігін атап көрсетті. Денсаулықтың зор байлық екендігіне тағы да бір рет көз жеткізген студенттер өз кезегінде толғандыратын сұрақтарын қойды.

Басылым күні :  11.05.2015