Испан тілінің апталығы.

Испан тіліне арналған апталықтың ашылу салтанатында Испания мемлекеті жайлы испан тілінің оқытушысы Б. Пулиманти және студенттер презентация жасады. Ал, 18 қараша күні Сыртқы істер министрлігі, Испанияның Астанадағы елшілігінің сауда және экономика жөніндегі кеңесшісі Кристина Сантамария Гарсиямен кездесу өткізілді. Аталған кездесу барысында оқушылар Испанияның тарихы, әдет-ғұрпы және мәдениеті туралы жанжақты мәлімет алуға мүмкіндік алды. Студенттер сұрақтар қойып испан тіліне деген қызығушылықтарының басым екенін білдірді. Жалпы, апталық барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді: “Mirame yo soy la España” фильмін тамашалау, студенттердің өнерлері мен ұлттық тағамдар даярлау, және апталықтың соңғы күнінде «Әлемдік мәдени коммуникация үрдісіндегі мәдениаралық сұхбат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Басылым күні :  11.05.2015