"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы "Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VI жаңа Заңының мәнмәтінінде азаматтық іс жүргізу заңнамасын дамыту

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Алматы қалалық адвокаттар алқасының тағылымдамадан өту және адвокаттардың біліктілігін арттыру орталығымен бірлесіп, "Рухани жаңғыру" жобасы аясында Заң факультетінің 2 және 3 курс студенттері, магистранттары мен оқытушыларына арналған "Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VI "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы"Заңының мәнмәтінінде азаматтық іс жүргізу заңнамасын дамыту" тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Семинарды адвокаттардың біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өткізу орталығының адвокаты Драмарецкая Ирина Николаевна жүргізеді. 
Іс-шараға адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының төралқа мүшесі, "Ақ Жол" ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Жазылбеков Нұрлан Әбдіжапарұлы, кафедра басшылығы мен оқытушылары қатысады.
Оқыту семинарының мақсаты: "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы" курсы бойынша теориялық білімді және ҚР іс жүргізу заңнамасының нормаларын бекіте отырып, практикалық дағдыларды қалыптастыру және меңгеру.
Өтетін орны: ҚазҰУ Заң факультеті. әл-Фараби, 3 қабат, № 305 аудитория.
Өткізу уақыты: 2018 жылғы 01 қараша, сағат 16.00.
Жауаптылар: з.ғ. к.доцент Абикенов а. а., з. ғ. д., профессор Тыныбеков с., аға оқытушылар Худайбердина Г. А., Муксинова А. Т.

Басылым күні :  30.12.2018