Кафедраның тарихы

Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы 2011 жылдың қыркүйек айында екі кафедра негізінде құрылды: азаматтық құқық, еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу.

Азаматтық құқық факультеттің негізгі кафедраларының бірі болып саналды. Бұл кафедра 1938 жылы Алма – Атылық заң институтының құрамында, ал кейінірек, 1955 жылы заң факультетіне айналды. Бұл кафедра барлық азаматтық – құқықтық цикл мен еңбек құқығының білім беру үдерісін қамтамасыз етіп отырды.Кафедрада елімізден тыс жерде атақтары шыққан М.А. Ваксберг, Г.В. Степаненко, А.И. Беспалова – Тимахович, Ю.Г.Басин, М.К. Сулейменов, Б.Б. Базарбаев, А.Г. Диденко және т.б. атты ғалым заңгерлер қызмет атқарды. Азаматтық құқықтың Қазақстандық мектебі кеңес ғылымында өз орнын тапты.  Еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу кафедрасы азаматтық құқық кафедрасы құрамынан 1970 жылы бөлініп шықты. Бұл кафедраны Қазақстан Республикасында еңбек құқығы бойынша ең алғаш маман болған - заң ғылымының докторы, профессор К.А. Абжанов басқарды. Кафедрада атақты заңгерлер З.К. Абдуллина, Н.Г. Мурзин және т.б. қызмет атқарды.  Қазіргі кезеңде кафедраның күрделі ғылыми потенциалы бар. Кафедрада 31 адам қызмет атқарады, олардың алтауы – профессор, ғылым докторлары, ал он екісі – ғылым кандидаттары.