«Қазаэронавигация» РМК маманымен кездесу

2021 жылыдың 15 ақпан күні Метеорология және гидрология кафедрасының  оқытушыларының ұйымдастырумен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  студенттердің мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, жауапкершілік, еңбексүйгіштік тәрізді ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіру, өмірде өз орнын таба білу мақсатында Батыс Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастырудың өңірлік мекемесінің кәсіби маманы инженер-синоптигі Аппазова Толқын Бекжанқызымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мекеменің қызметкері  Толқын Бекжанқызы  студенттерге «Қазаэронавигация» РМК қызметі жайлы, өзінің  жұмыс орны жайлы қызықты ақпараттарды  баяндады. Жұмысының ерекшелегімен таныстырып, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету қалай жүретінің, қандай маңызды метеорологиялық ақпараттардың қажет екенін айта отырыды.  

Кездесу соңында студенттер, кафедра оқытушылары өз сұрақтарын қойып, білікті маманмен пікірлерімен алмасты. Толқын Бекжанқызы студенттер бітіруші түлектерді мамандық бойынша жұмыс жасауға шақырып, оқу барысында метеорология ғылымының, синоптика, авиаицялық метеорология  дисциплиналарын жақсы түсініп көңіл бөлуге кеңес берді.

Студенттерге осындай форматтағы кездесулер ұнады және алдағы уақытта да  өз салалрының кәсіби мамандармен кездесулердің жиірек болса деген тілектерін білдірді.   

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

#KazAeroNavigatsiya

Басылым күні :  22.02.2021