Халықаралық таза ауа күні

2020 жылдың 7 қыркүйегінде Халықаралық таза ауа күніне орай COMSATS климат және тұрақты даму орталығы (CCCS) ұйымдастыруымен вебинар өтті.

Бұл вебинардың мақсаты - әлемдегі басты проблемаға айналған ауаның ластану қауіпі мен салдары туралы білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісу және ауаның ластану проблемаларын шешудің мүмкін жолдарын ұсыну үшін ауаның сапасы саласында жұмыс істейтін мамандар мен практиктерді біріктіру. Бұл вебинарға әртүрлі елдердің өкілдері қатысты, мысалы: Қазақстан, Қытай, Жапония, Пәкістан, Танзания және т.б.

Вебинарға қатысушылар ауа сапасы проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер мен сарапшылар болды. Вебинар Zoom платформасында өтіп, климат және тұрақты даму орталығының басшысы Шахид Камалдың алғы сөздерінен басталды. Ол өз сөзінде COMSATS-ке мүше серіктес мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығының нәтижелерін көрсетіп және осы  ынтымақтастық ауа сапасын жақсарту саласындағы проблемаларды азайтуға алып келеді деген сенім білдірді. Сарапшылар өз елдерінде жүргізген зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

Осы вебинар барысында метеорология мамандығының 1 курс докторанты Турсумбаева М.О презентация жасады. Баяндамада Айова штатының американдық зерттеушілерімен ауадағы ұшпа органикалық қосылыстардың санын анықтау әдісін жасауға арналған бірлескен жұмыс нәтижелері атап көрсетті. Зерттеу жұмысы барысында ұшқыш органикалық қосылыстардың санын анықтаудың жаңа әдісі жасалды, ол он екі сағатқа дейін жұмыс істей алады және экономикасы дамушы елдер қолдана алады. Вебинар соңында қатысушылар ауа сапасын жақсарту туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  21.09.2020