«Түлектер күніне» орай онлайн кездесу

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасы «әл-Фарабидің 1150 жылдығы» қарсаңында «Түлектер күніне» орай онлайн кездесу өткізді.

Дәстүр бойынша мамыр айының соңында Альма-матер барлық бітіруші түлектерді шақырады. Биылғы жылы кездесу, қазіргі жағдайда болып жатқан індетке қарсы жаңа форматта өткізілді. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жыл сайынғы «Түлектер күні» 2011 жылдан  өткізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты әр түрлі жылдардағы түлектердің корпоративті мәдениетін қалыптастыру; жаңа формациядағы мамандарды даярлауға және университет пен түлектер арасында өзара тиімді қатынастар орнатуға көмек көрсету.

Бағдарламаға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, әр түрлі жылдардағы түлектер - 1982, 1985, 1995, 2000, 2005, 2010, 2015, 2020, «Метеорология» және «Гидрология» мамандықтарының студенттері, барлығы 35 адам қатысты.

Іс-шараның ашылуы барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры,  академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  Түлектер қауымдастығының президенті, заң факультетінің 1981 жылғы түлегі Қайрат Әбдіразақұлы Мами құттықтады.

Тәлімгерлік әрдайым кафедраның басым бағыттарының бірі болып келеді және солай болып қала береді. Өндірістегі тәжірибелі тәлімгерлер болашақ мамандарға дәрістер оқиды, ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді, қорытынды жұмыстарға шолу жасайды, аттестаттау комиссияларының жұмысына қатысады және білім беру бағдарламаларын жасауға көмектеседі.

Кездесуге қатысушылар Қайрат Әбдіразақұлы Мамидің ұсынған «Тәлімгерлік: барлығы үшін мүмкіндік» жобасын қолдады. Метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі Полякова Светлана Евгеньевна бұл жоба түлектерге теория мен практиканы үйлестіру тәжірибесімен бөлісуге, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру мақсаттарын қалыптастыруға, болашаққа деген сенімділікті арттыруға және кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Кездесуге қатысқан барлық қатысушы түлектер осы жобаны қолдады және ары қарай дамуына сенімді.

Қазіргі уақытта университеттің стратегиялық мақсаты - әлемдегі 200 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне ену. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің негізгі қызметі, мақсаттары мен жетістіктері баяндалған «ҚазҰУ: Университет болашаққа көзқарас» атты бейнефильм көрсетілді.

Метеорология және гидрология кафедрасы метеорологтар мен гидролог мамандарын дайындайды. Келесі метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі Полякова Светлана Евгеньевна кафедраның жетістіктері жайлы презентациясын көрсетті.

«Қазгидромет» РМК ғылыми-зерттеу орталығы, Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы 1982 жылғы түлегі Наталья Ивановна Ивкина құттықтау бейнеролигі көрсетілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес әуе қозғалысы үшін қауіпсіз және сапалы аэронавигациялық қызмет көрсету метеорологтардың қатысуынсыз мүмкін емес. Келесі құттықтау сөз Теориялық дайындық және бағдарламаларды әзірлеу бөлімінің бастығы, «Қазаэронавигация» РМК бастығы 1995 жылғы түлегі Наталья Николаевна Хванға берілді.

Келесі құттықтау сөз Алматы қаласы бойынша «Қазгидромет» РМК ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары - Алия Аспандияровна Нурбацинаға берілді. Барлық бітірушілерді түлектер күнімен құттықтап, кафедра оқытушыларына баға жетпес еңбектріне және алған білімі үшін алғысын білдірді.

Онлайн-кездесу барысында Ақмола «Қазгидромет» РМК филиалының директоры Алмас Шабданов және  метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Жумалипов Айдар Рахметович пен Кауазов Азамат Маратович сөйледі.

Барлық 1985 жылғы бітіруші түлектер атынан «Қазгидромет» РМК ғылыми-зерттеу орталығы, климаттық зерттеулер бөлімінің бастығы Долгих Светлана Анатольевна өзінің студенттік кездегі естеліктері мен алған әсерлерімен бөлісті, барлығына бақытты болашақ пен кафедраның әрі қарай дамуына сәттілік тіледі.

2020 жылғы бітіруші түлектер кафедра оқытушыларына өздерінің алғыстарын бейнеролик арқылы білдірді, 2010 жылғы түлектер студенттік өмір жайлы естеліктерін видеоролик арқылы көрсетті.

Қорытынды сөз кафедра меңгерушісі Полякова Светлана Евгеньевна барлық қатысқан қатысушыларға өз алғысын білдірді, 2020 жылғы түлектерге оқуларын жақсы аяқтап, мамандық бойынша одан әрі қалыптасуына тілектестік айтты.

Онлайн кездесуде барлық қатысушылар бір-бірін шын жүректен құттықтап, барлығына бақыт, береке, өркендеу тіледі және іс-шараны «Армандастар» әнімен аяқтады.

Іс-шараны келесі сілтемелер бойынша көруге болады:

https://youtu.be/Eju0p_xdDkA

https://youtu.be/M-p_fUckxQ4

 

 

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  04.06.2020