Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресми салтанатты түрде ашылуы

2020 жылдың 29 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын ресми салтанатты түрде атап өту рәсімі болып өтті. Мерейтойға арналған салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Б.А. Сағынтаев, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, БҰҰ, ЮНЕСКО және т.б. халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиялар өкілдері, Жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері, шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  15.04.2020