Қытай Ғылым академиясындағы тағылымдама

2019 жылдың 23 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында метеорология және гидрология кафедрасының "Гидрология" мамандығы бойынша магистранттары мен PhD студенттері Қытайдың алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарының бірі – Пекин қаласында орналасқан ҚХР Ғылым Академиясындағы аэроғарыштық зерттеулер институтында (AIR CAS) тағылымдамадан өтті.

10 күндік тағылымдама бағдарламасы институттың жетекші ғалымдарының дәрістерін, PhD-студенттердің шеберлік-класстарын, ЖҒБ деректерін өңдеу бойынша жұмыстармен таныстыруды қамтыды.

Тағылымдама барысында институт бойынша деректер мен негізгі әзірлемелердің нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығымен табиғи және мәдени мұраларға арналған халықаралық ғарыштық технологиялар орталығы (HIST), табиғи апаттардың қауіп-қатерін кешенді зерттеу бағдарламаларының халықаралық бюросы (IRDRIPO) және апаттардың қауіп-қатерін азайту үшін ғарыштық технологиялар бойынша CAS-TWAS озық тәжірибе орталығы (SDIM) сияқты түрлі орталықтарға барды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша Миюнь станциясының қызметкерлері Quick Look платформасымен таныстырды, ол нақты уақыт режимінде жерде болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жерсеріктердің бағытын бақылауға және антенналар, басқару орталығы және т. б. арқылы деректерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқу соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.


Басылым күні :  15.04.2020