Оқытушылық-профессорлық құрамның «COMET» поляк компаниясының өкілдерімен кездесуі

19 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде Польшаның «COMET» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.

«COMET» поляк компаниясы заманауи метеорологиялық жабдықтар мен метеорологиялық жабдықтардың өндірушісі және жеткізушісі болып табылады.

Кездесу барысында компания өкілдері атмосфералық сипаттамаларды және ауа райының құбылыстарын өлшеуге арналған заманауи қондырғылармен, дәлірек өлшеуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы жабдықтар туралы айтты. Кездесу барысында осы саладағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқыланды. «COMET» компаниясының өкілдері қазіргі заманғы автоматты метеорологиялық станция (ARMS) орнатылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасының оқу метеорологиялық станциясында болды.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology


Басылым күні :  15.04.2020