Профессор-оқытушылар құрамының Жапонияның Цукуба университетінің өкілдерімен кездесуі

28 қаңтар 2020 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде Жапонияның Цукуба университетінің өкілдері профессор-оқытушылар құрамымен кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Цукуба университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің ынтымақтастығы туралы сұрақтар талқыланды: академиялық ұтқырлық, студенттермен және магистранттармен алмасу, докторанттар мен магистранттардың бірлесіп жұмыс жасау, сонымен қатар тау экожүйелері саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерге үлкен қызығушылық танытты.

Сәтті ынтымақтастықтың бастамасы - біздің студенттердің 2020 жылғы 22 наурыздан бастап 26 наурызға дейін Цукуба университетінде (Жапония) Campus-in-Campus бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуі. Іріктеу нәтижелері бойынша Метеорология және гидрология кафедрасынан 1 курс магистранты Дапен Іңкар (Метеорология мамандығы) және 2 курс магистранты Жарылқасын Адлет (Гидрология мамандығы) барады.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  31.01.2020