Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы-2019

2019 жылдың 27-28 наурызында ҚР БжҒМ бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде «5В061000-Гидрология» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өткізілді.

Жыл сайынғы өтетін Олимпиаданың басты мақсаты – жастарда шығармашылық ойлау дағдысын қалыптастыру және гидрология саласы бойынша студенттерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.

2019 жылғы олимпиадаға 5 студенттік команда қатысты, командалар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен жинақталған:

1 команда «Артезиан» (Нысанбай Е., Оразбай Ә., Сүлеймен О.);

2 команда «Стокс» (Тұрсынғали М., Дайржанова А., Әметова П.);

3 команда «New Wave» (Омаров Н., Рахматулла А., Утегенова А.);

4 команда «Hydro Group» (Джарылгапова А., Алтайқызы А., Ергеш Г.);

5 команда «Aqua» (Седенов Ш., Тай А., Конаева К.).

Қатысушылардың жалпы саны ҚазҰУ-ден 15 адам болды. Іс-шараның ашылу салтанатында География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы профессор Сальников Виталий Григорьевич сөз сөйледі.

Олимпиада III айналымды тур бойынша өтті. Бірінші айналымда ауызша диалог (командамен таныстыру) түріндеөтті, ал екінші айналым – білімділікті тексеру (сынақ және тәжірибелік тапсырмалар), үшінші тур - өзіндік жұмыс, «Гидрологиядағы заманауи мәселелер» тақырыбындағы презентацияны қорғау болды.

Командалық есеп бойынша жүлделі орындарға ие болды:

1 орын - команда «Стокс» (Тұрсынғали М., Дайржанова А., Әметова П.).

2 орын - команда «Артезиан» (Нысанбай Е., Оразбай Ә., Сүлеймен О.)

             - команда «New Wave» (Омаров Н., Рахматулла А., Утегенова А.)

3 орын - команда «Aqua» (Седенов Ш., Тай А., Конаева К.)

     - команда «Hydro Group» (Джарылгапова А., Алтайқызы А., Ергеш Г.)

Жеке есеп бойынша:

Жеке тестілеу нәтижелері бойынша:

1 орын – Сулеймен Олжас (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);

2 орын – Тұрсынғали Маржан (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);

3 орын – Омаров Нурболат (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).

Жекелей және командалық сайыста орын алған барлық қатысушылар мен командалар диплом мен сертификаттармен салтанатты түрде марапатталды.

Басылым күні :  22.04.2019