«Алғыс айту – парызым!» атты ашық кураторлық сағат

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 20 ақпан күні «Метеорология» мамандығының 1 курс, 5-6 топ студенттерімен бірге «Алғыс айту – парызым!» атты ашық кураторлық сағат өткізілді. 1 наурыз күні Қазақстан  алғыс айту мерекесін тойлайды. Бұл  мереке 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін қажетті достық, түсіністік пен келісім мерекесі.

Ашық кураторлық сағаттың мақсаты: Бір-бірімізбен қайырымды, кеңпейілді, тату болып, алғыс айтып және ризашылыққа тәрбиелеу.Ашық сабақ мазмұнды, қызықты өтті, ән айтып, би билеп, күй тартып, ойын ойнатып,  мерекенің мақсаты мен басты мәнін аша білді.

Ұйымдастырушы: Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушысы  Абирова Ұ.С.

Басылым күні :  02.03.2019