«Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» тақырыбында дөңгелек үстел

2019 жылдың 24 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Филипп Мартинэ Мырза және климаттың өзгеруі саласында мамандар (РМК «Казгидромет», ЖШС «География институты», академик У.М. Султангазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты) және метеорология және гидрология кафедрасының ғалымдары қатысты.

Университет ректоры, академик Г.М. Мутанов алғы құттықтау сөзін айтты, аталған дөңгелек үстелдің тақырыбының өзектілігін атап кетіп және Жер беті атмосферасы температурсының жоғарлауын алдын-алу бойынша Халықаралық күштерді белсенді қолданауы үшін Франция Республикасына үлкен алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенге және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Филипп Мартинэ Мырза өзінің баяндамасында Францияның тартымтылығы, талқыланып жатқан тақырыптың маңыздылығы, сонымен қатар, климат өзгеру саласында студенттердің академиялық ұтқырлық шегінде алмасу мүмкіндіктері жайлы атап кетті.

Дөңгелек үстел шегінде мамандар Қазақстанда климаттың өзгеруінің заманауи тенденциясылары, қауіп факторлары мен оларға тұрақтылықты жоғарлату шараларын талқылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын жоғарлату үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту, идеялармен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу және Қазақ ұлттық университет негізінде «Қазақстан-Франция» ғылыми-техникалық орталық құру ұсынылды.

Басылым күні :  05.02.2019