Біздің студенттер Шыңжаң университетінің (ҚХР) жазғы мектебінде
Шыңжаң университетінің жазғы мектебіне 3 курс студенті Дарын Әбуғали мен 1 курс магистранты Райбану Ахметова қатысқанын қуана бөлісеміз. Бұл білім алмасу мен мәдени байытудың бірегей мүмкіндігі болды. Бағдарлама екі аптаға созылды және гидрометеорологиялық қауіптер, климаттың өзгеруінің әсері және урбанизация процесі сияқты география саласындағы озық ғылыми мәселелер бойынша дәрістер оқылды. Сонымен қатар студенттер жаңа технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін үйренді. Бұл екіжақты Жазғы мектеп бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Шыңжаң университеті арасындағы ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады. Біз жазғы демалыста да оқуға белсене араласатын студенттерімізбен мақтанамыз!




Басылым күні : 28.07.2024






