Хельсинки университетінің профессорынан көшбасшылық дәріс

2024 жылдың 13 маусымында мегажобаның 3 тармағы «Тұрақты даму контекстінде Батыс Қазақстан облысының ауа сапасын бағалау» аясында Хельсинки университетінің (Финляндия) профессоры Джанкарло Чиарелли (Giancarlo Ciarelli) метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне арналған көшбасшылық дәрісін оқыды. «Күрделі рельефтегі аэрозоль бөлшектерін модельдеу» тақырыбындағы дәріс қатысушыларға атмосфераны ластаушы заттарды модельдеудің озық әдістерімен танысуға мүмкіндік берді. Профессор Джанкарло Чиарелли ластаушы заттар мен метеорологиялық деректерді модельдеу қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қалай көмектесетінін көрсететін өз зерттеулерімен бөлісті.

Біз профессорға құнды білімі мен практикалық кеңестері үшін, сондай-ақ барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және талқыланатын тақырыптарға қызығушылық танытқандары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл шара университеттер арасындағы академиялық қарым-қатынасты дамытудағы маңызды қадам болды және студенттер мен оқытушыларға жаңа перспективаларын ашты.

Басылым күні :  02.07.2024