«Өзендердің қысқы режимі» және «Қауіпті гидрологиялық құбылыстар» пәні бойынша далалық практикалық сабақ

2202024 жылдың 22 ақпанында тұрақты дамудың 13, 15 мақсаттарына сәйкес, «7М05206-Гидрология» және «6B05203-Гидрология» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс магистранттары және 3 курс студенттері қыс мезгілінің соңғы күндерінде Медеу шатқалында орналасқан Кіші Алматы өзенінің саласы Сарысай өзені сағасынан төмен орналасқан гидрологиялық бекетте мұздық құбылыстарды бақылау мақсатында «Өзендердің қысқы режимі» және «Қауіпті гидрологиялық құбылыстар» пәндері бойынша далалық практикалық сабаққа барды. Далалық практикалық сабақты ұйымдастырған метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Арыстамбекова Д.Д. Далалық сабақ барысында студенттермен өзендерде бақыланатын мұздық құбылыстар және олардың түрлері, мұздық режимдерге климаттың өзгерісінің ықпалы туралы қызықты ақпараттар талқыланды. Сонымен қатар қысқы кезеңде өзендерде байқалатын қауіпті гидрологиялық құбылыстар туралы, олардың қалыптасу себептері мен салдары жайында мәліметтер берілді.

Басылым күні :  09.03.2024