«Сел қауіпсіздігі – Қазселденқоғаудың 50 жылдық қызметі: жай-күйі мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2023 жылдың 22-24 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің құрылғанына 50 жыл толуына арналған «Сел қауіпсіздігі – Қазселденқоғаудың 50 жылдық қызметі: жай-күйі мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Халықаралық ғылыми ұйымдар мен төтенше жағдайлар департаменттерінің 70-тен астам өкілдері Алматы қаласында жиналып, ТМД елдерінде сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат, селден инженерлік қорғау, селден қорғаудың профилактикалық жұмыстары, сел қаупінің мониторингі, селден қорғау, сондай-ақ сел тасқындарын зерттеудің теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу және т.б. сияқты маңызды мәселелерді талқылады.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, «География және су қауіпсіздігі институты» ЖШС, Сел қауымдастығы, GLOFCA халықаралық жобасы, Төтенше жағдайлар және тәуекелдерді азайту орталығы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, г.ғ.к., доцент Ақтымбаева Әлия Сағындыққызы селден қорғау құрылымдарын, биік тау жағдайында селден қорғау шараларын ұйымдастыру, сел қозғалысын зерттеу және халық шаруашылығы объектілерін селден қорғау бойынша бірегей толық және сандық тәжірибелерді жүзеге асыру, кешендерді салу және жобалау бойынша техникалық шешімдерді үйлестіруде Казселденқорғау бөлімшелерінің халықаралық деңгейде тиімді қызметін атап өтіп, Қазселденқорғау ұжымына жылы лебізін білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ гидрометеорология, геоэкология, картография және басқа да сұранысқа ие мамандарды даярлауға тұрақты түрде атсалысатынын және біздің түлектеріміздің Қазселденқорғау ММ жұмыс тиімділігіне елеулі үлес қосып отырғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, біздің ғалымдарымыз тақырыптық сессияларда баяндама жасады:

- Таланов Е.А., Сальников В.Г., Полякова С.Е., Максотова Б.Н., Болатов Қ.М. «Іле Алатауы тауларында жауын-шашын кезінде қайталануы сирек су тасқыны мен селдің сипаттамаларын бағалау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша;

- Капица В.Г., Шахгеданова М., Донских Д., Сайдалиева З., Мусина А.К., Раймбекова Ж.Т., Касенов М.К., Мамаджанова Г. «Солтүстік Тянь-Шаньдағы сел белсенділігін бағалау: тенденциялар, шекті мәндер және практикалық қолдануға арналған құралдар» тақырыбында. Біздің оқытушылық-профессорлар құрамы сел қаупін болжау мен бағалаудың озық әдістерімен бөлісті, сонымен қатар осы салада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың заманауи әдістерін талқылады. Біз бірге келешек ұрпақ үшін қауіпсіз орта құруға және ғылымды дамытуға ұмтыламыз!

Басылым күні :  26.11.2023