Халықаралық жазғы мектебі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының докторанты Лаура Рысалиева 2023 ж. 21 – 25 тамыз аралығында «Nexus GIANS», «ICARDA», «IFPR», «ZALF», «IWMI» «AllianceBioversity & CIAT» жетекші халықаралық ғылыми ұйымдарымен бірлесіп "ТИИМСХ" ұлттық зерттеу университеті ұйымдастырған халықаралық жазғы мектепке қатысты.

Мектеп тақырыбы, "Су-Энергия-Азық-түлік-Қоршаған орта қатынастарының тұрақтылығын бағалау: Орталық Азия үшін пәнаралық тәсілдер". Осы жазғы мектепке қатысу докторанттың диссертациясын жазуға дайындықта шешуші рөл атқарды.

Жазғы мектептегі тәжірибе мен білім өте құнды болды, бірақ ең маңызды сәттердің бірі әртүрлі елдердің сарапшыларымен және қатысушыларымен тәжірибе алмасу мүмкіндігі болды. Бұл ортақ мақсатқа - су ресурстары мен ауылдық жерлердің өзекті мәселелерін шешуге күш біріктіруге ықпал етті. Профессорлардың тренингтері, кейсті топтық жұмыстағы қарқынды пікірталастардың арқасында қатысушылар топырақ денсаулығын жақсарту үшін сценарийлерді әзірлеуде өз білімдерін қолданды. Нәтижесінде Лаура Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген жастар ғылыми тобының қатысушылармен бірлесіп ғылыми журналда жариялау үшін "Арал теңізі бассейніндегі топырақтың жағдайын жақсарту үшін басқару әдістері: Қарақалпақстаннан жағдайлық зерттеу" мақаласын дайындады.

Басылым күні :  16.10.2023