Эко-сенбілік «Rivers Clean Up»

Метеорология және гидрология кафедрасы 2023 жылдың 23 қыркүйегінде Қаскелен өзені алабында «Rivers Clean Up» экологиялық іс-шарасын сәтті өткізді. Іс-шараға кафедра оқытушылары, докторанттары мен магистранттары белсенді қатысты. Бұл экологиялық іс-шараның мақсаты Іле Алатауының таулы аймақтарындағы экожүйелерді сақтау мен қорғауға күш салу болды. Іс-шараның қатысушылары 1 сағат жұмыстың ішінде өзен маңында 30 қаптан астам қоқыс жинап, Қаскелен өзені алабын зиянды қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, Іле-Алатау ұлттық паркінің эколог ғалымдары қатысушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау, экологиялық өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар мен шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылар үшін орман өсімдіктері питомнигіне қызықты экскурсия ұйымдастырып, жергілікті табиғаттың байлығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

 

Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді міндеттей отырып, метеорология және гидрология кафедрасы ТДМ 6 «Таза су және санитария», ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» тақырыптарына назар аудара отырып, жыл сайын табиғатты қорғау шараларын ұйымдастырады. Осылайша, метеорология және гидрология департаменті табиғатқа деген тұтынушылық қарым-қатынасқа қарсы шыққандардың барлығын бірігуге, су ресурстары және қоршаған ортаны қорғауды дамыту мәселелеріне көңіл бөлуге шақырады. Табиғат біздің емес, біз табиғаттың қорғанышына мұқтажбыз: тыныс алу үшін таза ауа, тұтыну үшін кристалды су, өмір сүру үшін таза табиғат қажет.

Басылым күні :  29.09.2023