Кафедра өкілдері БҰҰ Даму бағдарламасы аясында ұйымдастырған оқу сапарына қатысты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Метеорология және гидрология кафедрасы, география және табиғатты пайдалану факультетінің өкілдері қазақстандық делегацияның құрамында БҰҰ Даму бағдарламасы аясында 2023 жылдың 27 ақпаны мен 4 наурызы аралығында ұйымдастырылған оқу сапарына қатысты. Қазақстан өкілдері Жерді қашықтықтан зондылаумен айналысатын компанияларда, Жапонияның метеорологиялық агенттігінде, метеорологиялық қызметтерге арналған технологиялар мен жабдықтардың ірі жапондық өндірушілерінде және академиялық жобалардың жобалық топтарында болды.

Қазақстандық делегация Жапония метеорологиялық агенттігі әріптестерінің жұмысымен және болжау саласындағы заманауи құралдармен, соның ішінде әртүрлі модельдерді пайдалана отырып, құрғақшылық белгілерін болжаумен, спутниктік деректер саласындағы жапондық ғылыми зерттеулерді пайдалану мүмкіндіктерімен, құрғақшылықты модельдеу және экологиялық мониторингілеумен танысты. Жерді қашықтықтан зондылау бойынша халықаралық академиялық жобалармен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың SATREPS (Science and Technology Research Partnership for Sustainable Development) жобаларына қатысу мүмкіндіктері талқыланды

Оқу сапары БҰҰДБ, жапон халқының және Қазақстандағы Жапония елшілігінің қолдауының арқасында мүмкін болды.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology


Басылым күні :  10.03.2023