Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушыларын ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің медальдарымен (төсбелгілерімен) марапаттау
23 шілдеде география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары гидрология, метеорология және экология саласындағы жоғары кәсіби кадрларды даярлаудағы адал және жемісті жұмысы үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің медальдарымен (төс белгілерімен) марапатталды:
1. Профессор Давлеткалиев С.К.;
2. Профессор Чередниченко В.С.;
3. Доцент Дүйсенова Р.Х.;
4. Доцент Турулина Г.К.;
5. Доцент Абдрахимов Р.Г.
Марапаттарды «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Саиров Серік Бияхметұлы, «Қазгидромет» РМК Алматы филиалының директоры Талғат Нұрлыбайұлы Қасымбек, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы профессор Виталий Григорьевич Сальников табыстады. Марапатталған мұғалімдердің Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметіне мамандар даярлаудағы сіңірген еңбегі және олардың өндірістік, ғылыми-педагогикалық мәселелер бойынша «Қазгидромет» РМК-мен ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығы атап өтілді. Достық қарым-қатынаста гидрометеорологиялық мамандардың қазіргі заманғы жұмыс жағдайына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу жоспарларын түзету мәселелерін бірлесіп шешуге міндеттемелер бекітілді.
Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен және олардың еңбегінің бағалануымен құттықтаймыз!
#department of meteorology and hydrology