ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы Меморандум қол қойылды

2021 жылдың 23 маусымында ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумның мақсаты теңдік пен өзара тиімділікке, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы тараптардың әлеуетін күшейтуге және өзара мүдделілік туғызатын бірлескен әзірлемелерді іске асыруға негізделген.

 Бұл меморандум білім беру, ғылыми-зерттеу қызметінде және қызметкерлердің біліктілігін арттыруда бірлескен қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ жаңа әзірлемелер мен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында ГАЖ-технологияларды қолдана отырып, қауіпті учаскелер мен мореналық-мұздық көлдерге автоматтандырылған мониторинг жүйесін ұйымдастыруға баса назар аударылды.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  29.06.2021