«Қазақстандағы агромодельдеу» тақырыбында ашық дәрісі

«Айналанды нұрландыр» бағдарламасы аясында Қазақстандағы агрометеорологиялық модельдеуді және шетелдік университетте оқу үдерісін тереңірек білу мақсатында Рединг университетінің (Ұлыбритания) PhD докторантымен Сулейменова Сәулемен Метеорология мамандығының 2,3,4 курс студенттеріне (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Сауле әлемдегі және Қазақстандағы агрометеорологиялық модельдеу туралы презентация жасады, сонымен қатар докторантура кезіндегі ғылыми жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Осылайша, Сауле студенттерді шетелде қолданылатын агромодельдермен (Sucros, DSSAT, APSIM және Aquacrop), әр модельдің ерекшеліктері және модельдеу нәтижесінде алынған мәліметтердің артықшылықтары туралы ақпараттармен бөлісті. Осыдан кейін Сәуле Рединг университетінде оқығанда алдына қойған мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді және Оңтүстік Қазақстандағы соя дақылдарын модельдеуде алған нәтижелерін көрсетті. Сауле Aquacrop моделін қолдана отырып, модельденген деректерді 2018 жылы бақыланған деректермен салыстыру кезінде керемет нәтижелерге қол жеткізгенін айтты. Алайда, толық нәтижелі ақпарат алу үшін  2019-2020 жылдардағы деректерді қолдану керектігін яғни қосымша зерттеулер қажет, бірақ бұл қазір СOVID-19 пандемиясына байланысты зерттеу сапарларының шектеулеріне байланысты қиын болуда.

Кездесудің соңында Сауле Ұлыбританиядағы агрометеорология бойынша жетекші оқу орны болып табылатын Ридинг университетінде PhD докторанты ретінде оқу нәтижелері жайлы қызықты ақпараттар  айтты. Сәуле сонымен қатар өзін ары қарай ғылым саласында көретінің және магистратурада және PhD докторантурада оқуды жалғастырғысы келетін студенттерге оқуға  шақырды.

Студенттер өз кезегінде Сәулеге өзінің жобасы туралы және Рединг университетінде оқудың өзіндік тәжірибесімен бөліскені үшін ризашылықтарын білдірді.

#kaznu.kz

#department of meteorology and hydrology

Басылым күні :  14.05.2021