Мұнай-химия және мұнай өңдеу саласында мамандарды даярлау

Мұнай-химия және мұнай өңдеу саласында мамандарды даярлау физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында жүзеге асырылады. Білім алушылар мұнай-химия, сондай-ақ гомогенді, гетерогенді катализ, Қазақстанның мұнай-химия кәсіпорындарында іске асырылған көмірсутек шикізатын өңдеудің қазіргі заманғы каталитикалық процестері, органикалық және мұнай-химия синтезі саласында іргелі білім алады. Болашақ мамандарды даярлаудың базалық орталықтары Қазақстанның жетекші кәсіпорындары болып табылады: Алматы қ. "ҚазТрансОйл" АҚ, "Конденсат" АҚ, Орал қ. "Интер-Газ" АҚ, Ақсай қ. "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." АҚ, "Емир - Ойл" ЖШС, "Потенциал Ойл" ЖШС, "АМӨЗ" ЖШС, "ҚазГӨЗ" ЖШС, "Теңіз Шевроил" ЖШС, Атырау қ. "РауанНалко" ЖШС, Қызылорда қ. "Қызылорда шағын-МӨЗ" ЖШС, Шымкент қ. "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС. Аталған ұйымдармен ынтымақтастық мұнай-химия және мұнай өңдеу саласында жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.

Басылым күні :  08.04.2020