Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

Біздің кафедрамыздың жетекші профессоры Қайырбеков Жақсынтай Қайырбекович ғылымның дамуына қосқан жеке үлесі үшін халықаралық шығармашылық академиясының академгі болып таңдалды.Осы елеулі шығармашылық жетістіктерімен құттықтаймыз және ғылымда келешекте де табыстар тілейміз!
Профессор Қайырбеков Ж.Қ. «Даңқ жұлдызы-Қазақстан экономикасы» орденімен марапатталды.
Кафедрамыздың профессоры Оспанова А.К. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Профессор Суербаев Х.А.ҚР әлеуметтік және рухани дамуына қосқан үлесі үшін құрмет мақтау қағазымен марапатталды (29 мамыр 2014 ж).
  Кафедрамыздың 4-курс студенті Ескендір Бақытжан (ғылыми жетекшісі профессор Аубакиров Е.А.) ҚР тәуелсіздігіне 25 жылдығымен ЮНЕСКО қолдауымен Ахмет Яссауи жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясында 2-орын алып, 30 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 
  Профессор Е.А.Аубакиров "ЖОО үздік оқытушысы - 2015" атағына ие болды. 
Кафедрамыздың профессоры Оспанов Хабибулла Құсайынұлы Тәуелсіздік мерекесі алдында Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық Ғылым академиясының «Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері» медалімен марапатталды.
  Кафедрамыздың профессоры Оспанов Хабибулла Құсайынұлы Тәуелсіздік мерекесі алдында Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық Ғылым академиясының «Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері» медалімен марапатталды.
Профессор Г.А.Сейлханова  "ЖОО үздік оқытушысы - 2017" атағына ие болды. 
 

Әубәкіров Ермек Айтқазыұлы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР білім және ғылым министрінің алғыс қағазымен марапатталды!  

 

Қайырбеков Жақсынтай Қайырбекұлы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР білім және ғылым министрінің алғыс қағазымен марапатталды! 

 
  Кафедрамыздың доценті, химия ғылымдарының докторы Абилдин Тлеутай Сарсембайұлы Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының «Химия» бағыты бойынша шетелдік мүшесі болып сайланды.
Профессор Сасыкова Лариса Равильевна "ЖОО үздік оқытушысы - 2019" атағына ие болды. 
Доцент Ташмухамбетова Женета Халиловна "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.