Біздің серіктестер

Лотарингия Еуропалық университеттік орталығы 1993 жылы олардың қызметін үйлестіру үшін құрылған Лотарингиядағы 4 университеттің бірлестігі болып табылады. Нансиде орналасқан. Университеттер: Нанси I университеті, Нанси II университеті, Пол Верлен университеті, Лотарингия Ұлттық политехникалық институты.
Клод Бернар атындағы Лион 1 университеті немесе Лион 1 университеті (UCBL) – Франциядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. UCBL 1971 жылы құрылған. Орталық ғимарат Вийербанда орналасқан.
Грац технологиялық университеті Австриядағы Штириядағы бес университеттің бірі болып табылады. Ол 1811 жылы австриялық эрцгерцог Джон негізін қалаған және Австриядағы ең көне ғылым және технология зерттеу және білім беру институты болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран, сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшін ядролық отынның импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады. Компания Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 1997 жылы құрылған. Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылады. Қазақстан 2009 жылдан бастап табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы болып отыр. http://www.iht.kazatomprom.kz/kk/subcontent/kompaniya/gylymi-ortalyk/zhanalyktar-zhne-habarlandyrular-40 
РҒА СФ Г.К.Боресков атындағы катализ институты катализ саласына маманданған Ресейдегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Институт Ресейдің басқа институттарымен және өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірлесе отырып, көп жылдар бойы жұмыс істеп тұрған катализаторларды жетілдіру, сондай-ақ отандық өнеркәсіптің кең спектрі үшін жаңа катализаторларды, материалдар мен технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс істеп келеді.
НМТУ – тірек университет. 2017 жылы Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті 22 ресейлік жоғары оқу орындарының ішінде тірек ЖОО құру жөніндегі Ресей Федерациясының білім және ғылым Министрлігінің бағдарламасының 2 этапында жеңімпаз атанды. http://www.nstu.ru/news_more?idnews=110426
«Oilsert International» ЖШС өнімдерді, қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сынауға және сәйкестікті бағалауға маманданған алғашқы тәуелсіз отандық компания болып табылады. Компания сонымен қатар мұнай-газ саласындағы экспорттық-импорттық операциялардың сапа көрсеткіштерін бағалау және мониторингі бойынша тәуелсіз сарапшы болып табылады. https://oilsert.kz 
«ЦеЛСИМ» ЖШС – Құрылыс материалдарын сертификаттау сынау орталық зертханасы. «ЦеЛСИМ» ЖШС құрылыс материалдарының сертификаттау сынақтарын жүргізетін және құрылыс және силикат ғылымы саласында тиімді технологияларды әзірлейтін Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. https://too-tselsim.satu.kz 
  Алматы полиэтилен құбырлар зауыты «Спира-Берга» Қазақстан Республикасында заманауи жоғары сапалы полиэтилен құбырларын шығаруды жолға қойған алғашқы кәсіпорындардың бірі болып табылады. Бүгінде зауыт газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электр және талшықты-оптикалық кабельдерді қорғау, дренаж және суару жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларын шығарады. https://sb.kz
«Теңізшевройл» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасында 1993 жылы Теңіз кенішін игеру мақсатында құрылды. Бүгінгі таңда ТШО Қазақстандағы аса ірі және ең қауіпсіз компанияға айналды. Оның басты өнімі шикі мұнай, газ және күкірт.
Атырау мұнай өңдеу зауыты («АМӨЗ» ЖШС) — Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытының бірі. Ұлы Отан соғысы жылдары салынған және 1945 жылы пайдалануға берілген. Мұнай өңдеу зауытының иесі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (99%) болып табылады. Өңдеу қуаттылығы жылына 5,5 млн тоннаны, өңдеу тереңдігі 86,4% - ды құрайды. https://www.anpz.kz/
1979 жылы ашылған Қарашығанақ кен орны, әлемдегі ірі газконденсат кен орындарының бірі болып табылады. Кен орны Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Мұнда 9 миллиард баррельден астам конденсат және 48 триллион текше фут газ қоры бар, ал жалпы конденсат қоры 2.4 миллиард баррельден және газдың қоры 16 триллион текше футтан астам деп бағаланған. https://kpo.kz/ru/o-kompanii
Павлодар мұнай-химия зауыты («ПМХЗ" ЖШС) – Қазақстанның солтүстік-шығысындағы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ірі кәсіпорын және республиканың үш мұнай өңдеу зауытының бірі, оның 100% акциясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға тиесілі. https://www.pnhz.kz/
  «Конденсат» АҚ компаниясы 1992 жылы 29 маусымда құрылған.  Батыс Қазақстан облысындағы ірі өндірістік өнеркәсіп кешені. Қазақстан Республикасындағы үздік жүздікке енеді. Аталмыш компания аймақтың әлеуметтік хал - ақуалына, экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, сенімдік әріптес атағына ие. http://www.condensat.kz/newspreview.html?&L=0&tx_ttnews%5btt_news%5d=1212&cHash=ee145219549c93eafcc3caab63c1cbf3
   

«РауанНалко» ЖШС - мұнай - газ өндірісіне арналған химиялық реагенттерді өндіруші ірі Қазақстандық өнеркәсіп. Отандық нарықта химиялық реагенттер шығарушы озық өнеркәсіп.

   

Алматы – Қазақстан Республикасының ірі қаласы, өнеркәсіптік және мәдени орталық, Республикадағы миграциялық ағымның соңғы нүктесі және даму мүмкіндігі мол орталық болып табылады. Алматы қ. алғашқы сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесі 1931 жылдан бастап қызмет көрсетеді. «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық өнеркәсібі энергетика және коммуналдық шаруашылығы Алматы қалалық әкімшілігінің №4/638 07.08.2008 жылғы қаулысына сәйкес жұмыс істеуде. Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесі Қазақстан Республикасындағы ірі орталықтардың бірі және 1,5 миллионнан астам қала және іргелес аумақтар халықтарына қызмет көрсетеді. http://www.almatysu.kz/?p=33

Қытай мұнай университеті – ҚХР білім Министрлігіне қарасты Қытайдың ұлттық университеттерінің біреуі. Қытай мұнай университеті «Жоба 211» кіреді және аталмыш бағдарламаға қатысушы ретінде алғашқылардың бірі болып таңдалған. http://international.cup.edu.cn/index.php?m=content&c=index&a=show&catid=6&id=113   
Кайзерслаутерн Техникалық Университеті (Technische Universität Kaiserslautern) – Германиядағы жетекші университеттердің бірі, үлкен әлеуетке ие. https://www.chemie.uni-kl.de/sitzmann/ag-sitzmann/
Оңтүстік Кореядағы Кванджу ғылым және технология институты (GIST) 1992 жылы құрылған, ол 7 жыл бойы QS World University Rankings «citations per faculty» рейтингісінде 2 орын, ал Азия бойынша 1 орынға ие. Аталмыш мемлекеттік университет ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған, бірқатар ұйымдармен серікт естік қарым – қатынас орнатқан, мысалы Caltech. Мұнда мехатроника, өмір туралы ғылым, бағдарламалық ғылымдар мен коммуникация салалары бойынша білім беріледі. Шетелдік студенттерге виза, кампуста орналасу және түрлі стипендиялармен қамтамасыз ету қызметтері көрсетіледі. http://chem.gist.ac.kr/hohjai/photos/ 
«KazTransOil» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. "ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. https://kaztransoil.kz/ru/
«ПетроҚазақстан Инк.» – бұл акционерлері болып «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ (33%) табылатынмұнай және газды сатып алубарлаушығару және өндірусондай-ақ мұнай өнімдерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын компаниялар тобы. https://www.petrokazakhstan.kz/kaz
KAZ Minerals – жаңа кен орындарын табысты игеруде расталған беделі бар, ТМД-да ірі көлемді, аз шығынды ашық үлгідегі кеніштерді игеруге бағытталған, даму әлеуеті жоғары мыс өндіруші компания. Nova Resources BV Компанияның ұзақ мерзімді өсуге бағытталған, күрделі қаржыны қажет ететін стратегиясын қолдау мақсатында KAZ Minerals компаниясын толықтай сатып алды. 2021 жылғы 11 мамырда Компания Лондон және Қазақстан қор биржаларының тізілімінен шығарылғандықтан, 2021 жылғы маусым айында KAZ Minerals жабық акционерлік қоғам ретінде қайта тіркеледі деп болжанған. https://www.kazminerals.com/
"LUKOIL Лубрикант Орталық Азия" ЖШС 2013 жылы Ресейдің жағармай нарығының көшбасшысы "LUKOIL"-дың 100% еншілес кәсіпорны ретінде құрылған. Компанияның негізгі мақсаты – бөлшек сауда тұтынушылары мен салалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған майларды сатудың тиімді, тұрақты жүйесін құру.